«Marvel» жұлдызы – Шон Ганн Қазақстанда! Голливудтық актер «Comic con» фестивалінің хэдлайнері болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Comic Con Astana 2023» - Марвелдың жанкүйерлері үшін көптен күткен фестиваль болды. Комикс пен фэнтезиді үзбей көрушілер голливудтық актер Шон Ганнмен фан-митингте жеке тілдесті.

Шон Ганн, актер:

- Фестивальге қатысуды көптен бері ойлап жүрдім. Себебі, жанкүйерлеріме жақын болғым келеді. Жылдар бойы еңбектендім және оны бағалайтын адамдардың барына өте қуаныштымын. Қазақстандықтар өте жылы қарсы алды. Жанкүйерлерімнің еңбегімді бағалайтынын білдіреді.

Бұл - Марвел жұлдызының Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. «Міндетті түрде қайта оралатын боламын. Фильмдеріме керемет локацияны осыннан таптым дейді актер.

Шон Ганн, актер:

- Comic con арқылы мен жаңа елмен, адамдармен таныстым. Астана – өте әдемі қала екен. Ал, халқы – өте қонақжай әрі кеңпейіл. Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеппін. Осындай ерекше мекенмен танысқаныма қуаныштымын.

Антолина Сергеевна, «Comic Con Astana 2023» , бас продюсері:

- Комик Кон это международный фестиваль. Это история как проходит в каждой стране сейчас. Комик кон – үлкен халықаралық фестиваль. Бұл жолы да арнайы Астанада ұйымдастырдық. Себебі, мұнда жастарға арналған осындай кештер өте аз.

Еске сала кетейік, «Комик кон» фестивалі Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы өткізілген болатын. Бірақ бұл жылғы деңгей мүлде бөлек. Әртүрлі тегін сыйлықтар, комикстерге арналған фотозоналар және ең бастысы – шетелден шақырылған жұлдызды қонақтар.

Антолина Сергеевна, «Comic Con Astana 2023» , бас продюсері:

- Биыл өте үлкен деңгейде өткізіп жатырмыз. Фестивальге 100-ден аса қонақ шақырылды.

Одан бөлек фестивальде арнайы байқау өткізілді. Шарт бойынша – ең үздік косплеер 3,5 миллион теңге жүлдеге ие болады. Нәтижесінде, Raid Shadow Legends ойынындағы Хариманың косплеейін жасаған қатысушы жеңіске жетті.