Айдана Шалқар, @aiudna
- Бүгінгі локация – RED CARPET! Иә, біз бүгін дәстүрлі «Байқоңыр» кинофестиваліне келдік. Көріп тұрғандарыңыздай, Голливудтық кештерден кем емес.
Кинофестивальде Максим Акбаровтың продюсерлігімен таспаланған «Братья» картинасының көрсетілімі болды. Актерлық құрамда - Дулыға Ақмолда, Жанель Мақажан, Азат Жұмаділ, Рүстем Жаныаманов! Азат – Димаш есімді кейіпкердің рөлін сомдайды. Ол сюжет бойынша дүкенге ұрлыққа түсіп, ақырында қапыда қаза табады.
Азат Жұмаділ, актер:
- Кішкене шошақайланып тұрдым энергетикаң басқаша давай бір шошақайланып қалған досы бар, сен соған күшті келесің давай соны көрші деді. Қиын болған сцена болды. Өлтіретін жері. Таңға дейін түсірдік суық болды. Тросспен тартып қап ұшуым керек қолымды каждый раз цементке кафельге ұрып алатын. Баспен құлап соңында уже басым істемей қалды басым айналып.
«Братья» драмасындағы басты рөл Алишер Исмаиловқа бұйырған. Кейіпкері – балалар үйінде өскен Ақжол есімді жігіт.
Әлішер Исмаилов, актер:
- Ақжол деген жігіт, өте ауыр персонаж менің ойымша. Маған өте ауыр берілген персонаждың бірі.
- Осы фильмдегі сізге ең ұнаған кадрды айтып беріңізші
- Көп сахналар маған ұнаған. Бірақ мен сіздерге ең ауыр сахнаны айтайын. Ең ауыр сахна ол соңында болады. Әкесі шыққан кезде, әкесін тапқан кезде.
Ағайдының біреуі – Дален есімді жігіт. Ол – бөтен отбасының қолында тәрбиеленген. Скрипкада ойнайды. Туған әкесін табу үшін ағасы Ақжолмен бірге қашып кетеді.
Кинофестивальде жылдың үздік туындыларын анықтау үшін арнайы әділқазылар сайланған. Соның бірі – Данияр Алшынов.
Данияр Алшынов, актер:
- Таланттан басқа және техникалық жағы да бар. Және менің ойымша, техникалық және таланттық, дарындық жағынан баланс болу керек. Соған қараймыз. Мен сол жақтарға қараймын.
Әділқазылар қатарында Жанель Сергазина да бар.
Жанель Серғазина, актриса:
- Мен өзім сапаға қатты мән берем, сапаға. Сосын жалпы актерлық шеберлік менің мамандығым болғандықтан мен өз басым енді актерлық шеберлікке мән беретін шығармын. Және де сюжет бәрі бір-біріне келісіп тұру керек. Сол өте маңызды.
Кинофестивальден «Братья» картинасының көрсетіліміне арнайы шақырылған қонақтарды байқап қалдық.
Тамирис Жанғазина, актриса:
- Өзімнің фаворитім кеше ғана мен трейлерін көргенмін. «Братья» деген осы Дархан Тулегеновтың. Шынымды айтсам, өте керемет сезімде болдым. Себебі, мұндай фильмдер көрермендерге көбірек танылуы керек.
Айбек Әзімбек, актер:
- «Братья» фильмі маған өте қатты ұнады. Алишердің, Азаттың да, сосын жаңағы бұйра шашты жігіттің атын білмейді екем, бірақ өте керемет ойнайды екен. Бір статуэтка беретіндей ойнады.