Америкалық әйгілі әнші Jason Derulo Алматыда концерт бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джэйсон Дэруло хит әндері үнемі «Billboard» чартының көш басында. Мәселен, «Whatcha Say»\уатча сэй\ композициясының пластинкасы әлем бойынша 200 миллион данамен сатылған. Дэруло14 платиналық дисктің иесі.

Нұрдин Базарбай, «Europa Puls» радиосының диджейі:

- Біздің тыңдармандар, арнайы қазақстандықтар үшін Europa Plus радиосы мүмкін емес нәрсені жасауға әзір. Себебі, Джэйсон Дэруло сынды музыкантты елімізге әкелу оңай іс емес. Оған қоса, әншінің әрбір трегі хит болған соң, келгені дұрыс деп шештік

«Europa Plus Kazakhstan» радиосы музыканттың Қазақстанға келіп концерт беруіне мұрындық болды. Миллиондаған тыңдарманы бар радиостанция Дэрулоның Алматыдағы концертін қала күніне орай ұйымдастырмақ. Яғни, 17-ші қыркүйек күні Алматы аренада өтеді. «Бұл біздің ару қалаға сыйлығымыз», - дейді жоба авторлары.

Америкалық музыкант, композитор әрі актер Джэйсон Дэруло өзінің туған күнін Алматы арена сахнасында дүркірете атап өтпек. Бұл жағымды жаңалықты поп-орындаушы өзінің TikTok аккаунтында мәлімдеді.

Jason Derulo, музыкант, актер (АҚШ):

- Сәлем Қазақстан, сіздермен бірге Джэйсон Дэруло! 17 ші қыркүйек күні мен сіздермен бірге өзімнің туған күнімді тойлайтын боламын. Бұл әлемдегі ең ауқымды birthday part болатынына сенімдімін. Сахнадағы туған күнімді өзім де қатты күтім жүрмін, Менімен бірге болыңыздар!

Джэйсон Дэрулоның жеке кешіне тегін қатыса аласыз. Мұндай мүмкіндікті «Europa Plus Kazakhstan» радиосы сыйлайды.

Нұрдин Базарбай, «Europa Puls» радиосының диджейі:

– Жақын арада «Europa Plus Kazakhstan» радиосының тікелей эфирінде эксклюзивті түрде Дэрулоның концертіне тегін билет ойнататын боламыз. Сондықтан бізді үзбей тыңдаңыздар.