Алматыдағы «Football Land» стадионында Айсұлтан Рахаттың құрметіне футболдан қайырымдылық кеші өтті. Онда: Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетаумен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен 150-ге тарта жасөспірім жиналды. Турнирдің бірінші күні іріктеу жүрсе, екінші күні кубок үшін талас басталды. Жолдастық кездесуде «Шахтер» мен алматылық «Интер» жолықты. Пенальти есебі бойынша соңғысы жеңіске жетті.
– Қараңыздаршы, «Интер» құрамасы қалай дайындалып келген? Тіпті өздерінің плакаттары да бар. Жалпы жеңіс құтты болсын. «Интер» үшін қиын болған ол «Шахтер» құрамасы ма?
– Жоқ, басқа. «Астана». ФК «Астана».
«Интер» алаңдағы көрерменнің де көңілін тауып үлгерді. Олар жеңіс голын соққанда, өздерінің биімен жұртты сүйсінткен еді.
– Енді бағанағы коронный билеріңді тағы бір билеп жібересіңдер ма? Кеттік.
Ал «Қайрат» құрамасы Өзбекстандық «Буняодкор» командасымен жолығып 3-0 есебімен финалға шығатын мүмкіндіктерінен айырылып қалды.
– Ойын жалпы өте қарқынды түрде жүріп жатыр. Есеп әзірге біздің пайдамызға емес. Екінші гол кіріп кетті... Көңіл күйіңіз туралы сұрамай-ақ қояйын әлде есе қайтарып үлгереміз бе?
Айдос Қуатбеков, «Қайрат» құрамасының жаттықтырушысы:
– Енді Құдай қаласа қайтарып үлгереміз деген ойдамыз. Бірақ мына жарыс өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Мына организаторларға үлкен рақмет.
AR CUP екі жыл қатарынан Астана-аренада ұйымдастырылып келді. Мақсаты: футболға қызығушылығы мен дарыны бар талантты жастарды шығару. Айсұлтан Рахаттың да арманы осы болыпты. «Біз Айсұлтанның ойларының ұмыт болғанын қаламадық»,-дейді достары.
– Бұл CUP-ты ұйымдастырудағы мақсат және қолдаушысы кім?
Максим Жалмағамбетов, AR CUP ұйымдастырушысы:
- Жалпы идея Айсұлтанның достарынан болды. Оның арманы Астанадан жасөспірімдерге футбол академиясын ашу еді. Ол ойына жете алмай кетті. Сондықтан турнир ұйымдастырдық. Өткен жылы Дариға Нұрсұлтанқызы демеушілік танытқан. Биыл достары.
Турнир тартысты өтті. Өзбекстандық ойыншылармен жартылай финалда жолыққан «Қайрат» есе қайтара алмады. Үшінші орын иеленді.
– Неге көңілің толмай тұр? Неге жылап отырсың, айтшы?
Абылайхан Тұрсынхан, «Қайрат 2012» құрамасының ойыншысы:
– Енді көріп тұрсыз ғой.
– Есе қайтаруға мүмкіндік бар ма? Қалай ойлайсың?
Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан турнирде чемпиондықты «Астана» құрамасы бермей келеді. Мықтылықтарының сырын балалар былай түсіндірді:
– Екі жыл қатарынан чемпиондықты бермей келе жатқандарыңның себебі не? Сен айта қойшы маған?
– Өйткені біз «Астанамыз».
– Қысқа да, нұсқа жауап. «Астананың» ең мықты қасиеттерін айтып берші?
Қасым Ахтанұлы, «Астана» құрамасының ойыншысы:
– Біз паспен ойнаймыз. Дисциплинамыз ең жақсы. Біз ұрыспаймыз. Жақсы ойнаймыз біз.
Расында «Астаналықтар» мықтылық танытты. Жеңіс тізбегін үзбей үшінші рет AR CUP-та чемпион атанды. Ал екінші орын өзбекстандық «Буняодкор» құрамасына бұйырды.
– Менің жанымда AR CUP-тың үш дүркін чемпиондары «Астана» футбол құрамасы. Жігіттер, көңіл күйлерің қалай?
- Жақсы!
– Сендердің өздеріңнің коронный сөздерің бар ма?
– Мы команда! Мы семья! Мы Астана!
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
- Осымен екі күнге созылған «AR Cup 2023» өз мәресіне жетті. Жеңімпаз «Астана» құрамасы. Шын жүректен құттықтаймыз!