Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Жандос Айбасов есірткіге қарсы күрес бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сериалдың жанры – криминалды драма. Оқиға желісі – жетім қалған Манас, Мирас есімді ағайындылардың тағдырынан басталады. Сериал авторы, продюсері әрі режиссері – Рүстем Омаров. Рүстем: «Бұл жобаға дайындық кезінде талай оңалту орталықтарын араладық. Есірткіге тәуелді, емделіп жатқан адамдармен әңгімелестік, зерттедік. Оңай болмады»,-дейді.

Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:

– Сериалды неге «Мяу-мяу» деп атадық? Қазіргі жалпы кезіндегі жастар есірткі заттарын солай атайды екен. Өздерінің құпия сөздері ғой. Бұл ешқандайда пропаганда не пиар емес. Туындыда романтика атымен жоқ. Тек кесірін көрсетеміз.

Оқиға шынайы өмірден алынған. Ағайындылардың кенжесі есірткіге елтіп кетеді. Бұл жайлы бауыры кеш біліп қалады. Сюжет осы жерден өрбиді.

Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:

- Бұл оқиға расымен Батыста, Маңғыстау облысында болған. Үш күзетші, спортшылар туралы. Олар есірткіні атымен жек көрген. Себебі соның кесірінен бірінің әкесі, сүйіктісі қайтыс болған. Сондықтан үшеуі «Закладчиктерді» тауып, жазаларын беріп, интернетке жүктеген. Расымен сол кездері қылмыс азайған.

Үш достың бірін сомдайтын – Жандос Айбасов. Нашақорлыққа қарсы күресіп жүрген жолдасы да, осы жолға түсіп кетеді. «Кейіпкерімнің өмірі ауыр. Көп дүние айқын көрсетіледі»,-дейді актер.

Жандос Айбасов, актер:

– Менің кейіпкерімнің аты – Азамат. Негізі Азамат, Манас, Дима үш дос. Үшеуі де енді простой жігіттер. Ойлары түзу. Дегенмен нашақорлыққа қарсы шығу үшін, неше түрлі тәуекелдерге барады және закладка салып жүрген жігіттерді ұстап, өздері самосуд жасайды.

Асан Мәжитке сериал туралы ұсыныс досы, әріптесі – Рүстем Омаровтан түскен. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан актер бірден келісім берген. «Образ ұнады. Әрі бұл Рүстемнің режиссерлік дебюті болғандықтан тысқары қала алмадым»,-дейді Асан.

Асан Мәжит, актер:

– Рүстеммен енді бірінші жыл емес қой. Біраз жобаларда жұмыс атқардық. Бұл енді алғашқы режиссер ретінде дебюттік жұмысы. Бір жағынан соны қолдап та келдік. Іске сәт деймін Рүстемге. Сценарист ретінде өзін дәлелдеген адам.

 

Шым-шытырық, шытырманға толы «Мяу-мяу» сериалы жаңа маусымда НТК арнасынан көрерменге жол тартпақ.