Садраддиннің продюсері енді Дархан Жолшыбеков пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жанарын айға қарап ойлайлап жүрген аруын біз әлі танымаймыз. Тек оған жазылған тректердің тыңдарманымыз. Садраддиннің кезекті хитінің тұсаукесеріндеміз!

Клип жарыққа шыққан 5 күнде 2,5 миллион қаралым жинап үлгерді. Көпті қызықтырған «Садрдың сүйіктісі бар ма?»,-деген сауалды достарына қойып көрдік.

– Анеля, Садрмен біраздан бері дос екеніңді білеміз. Айға қарап, жанарын ойлап жүрген аруы кім? Білесің ба?

Анель Кенжебекова, блогер:

– Мүмкін. Мүмкін білемін. Қалжыңдаймын. Білмеймін ешқандай ештеңе әлі жоқ. Енді болып жатса өзі айтады ғой бұйыртса.

Садраддинді қолдап келген танымалдар арасында – Damelya Sweet те болды. Ол досының бір құпиясын бізге ашып берді.

– Садр туралы біз білмейтін қызықты факт айтшы?

Damelya Sweet, блогер:

– Ол өте ұялшақ.

  • Шынымен ба?
  • Иә, өте тыныш адам. Менің қасымда үнемі байыпты жүреді. Ал инстаграмда сәл ашық.

Садр жақын уақытта өзінің ауқымды концертін өткізбек. Кеш туралы әңгіме қозғалғаннан бастап, шашбауын көтергендердің бірі – Дархан Жолшыбеков болыпты. Тіпті Алматыдағы алғашқы шарасының демеушісі атанған.

– Садраддиннің баннерінің жанында тұрмыз. Қараңыздар «By Darkhan Zholzhybek» дейді. Дарханның өзінен сұрайық, не болып жатыр?

Дархан Жолшыбеков, блогер:

– Алла қаласа 9-шы қыркүйек күні болатын Садраддиннің жеке концерті. Оркестрмен айтылатын.

  • Сен спонсорсың?
  • Продюсер десе болады.

– Қанша қаражат жұмсадың? Айтайықшы?

– 70 миллион.

  • Өзін ақтамай қалса ше?
  • Бізге қызық емес.

Талай трегі тек хит – Садрдың музасы кім? Қанша қашқақтаса да, әнші дәл осы сұрақтан орағыта алмады. Мардымсыз жауап қатты.

– Достарың Садрдың әр әні хит деп жатыр. Бір сұлуға ән арнайсың. Бір сұлудың аты бар ма? Заты бар ма? Негізі бар ма ол қыз?

Садраддин Болат, әнші:

– Заты жоқ... Мен оның бәрін өлеңдерімде айтам ғой...

  • Қиялдағы ару ма?
  • Иә.

Жеке өмірі жайлы айтуға құлшыныс білдірмеген Садраддин, соңғы жаңалықтары жайлы асқан махаббатпен айтып берді.

– Соңғы жаңалықтарыңа көшсек, 9-шы қыркүйек үлкен концертіңді бересің. Алматыда. Дайындық қалай?

Садраддин Болат, әнші:

– Бұл менің көптен күткен арманым ғой былай қарасаң. Қаншама жылдардан бері армандағам. Өзімді іштей дайындадым. Мен дайынмын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Садрдың әндері желіге шықпай жатып, жүректерге жетіп үлгереді. Назардан тыс қалған трегі жоқ. Әншінің жақында үлкен туры басталады. Сәттілік тілейміз!