Актер Еламан Есентай сүйіктісіне ұсыныс жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киноөндірісте -1 бойдақ. Еламан Есентаев өткен аптада сүйіктісіне сөз салып, саусағына сақина тақты. Актер осы уақытқа дейін ғашығының барын көптен жасырып келген екен. Еламанның өзі: «Ең алғашқы махаббат, басталады партадан»,-деп сұлуымен қалай танысқаны туралы айтып берді.

- Өзіңнің аққуыңды, құсыңды қолыңа қондырайын деп жатыр екенсің. Бізді тойға шақырасың ба?

Еламан Есентаев, актер:

- Иә, әрине, шақырамын. Бірақ әлі белгісіз осы жылы ма, келесі жылы ма. Бірақ міндетті түрде шақырамын.

- Ал, егер құпия болмаса сенің жүрегіңді жаулай алған ару кім екенін білсек бола ма? Қалай таныстыңдар?

Еламан Есентаев, актер:

- Мектеп кезінен бірге оқып жүрген қыз. Бірақ мектеп бітіргеннен кейін жүре бастадық.

Түркия – талай ғашықтың сөз салуына куә болған ел. Есентаев келешек келіншегіне дәл осы мемлекетке саяхатында сезімін білдірген. Оң жауап алған. Актер қатты қобалжығанын жасырмайды.

- Күлкіңе қарасақ, қызыңды қатты жақсы көретін сияқтысың. Шетелде ұсыныс жасаған екенсің.

Еламан Есентаев, актер:

- Шыны керек қобалжу болды. Иә, шетелде Турцияда жасадым. Қатты қобалжыдым. Біліп қоймасын, тосынсый болсын деп жоспарладым. Жоспарым іске асты. Бәрі ойдағыдай өтті.

Еламан: «Revue news-ты міндетті түрде тойға шақырамын»,-деп уәделі сөзін берді. Асыға күтетін боламыз.