Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ауаu – Ayau болғалы хит күтетін тыңдарман көбейген. Осыны ескеріп, альбом жазуды бастап кетіпті және үнтаспа жұмыстарын сәтті аяқтаған.
– Shiza, M'Dee-мен коллабың бар. Тағы кімдермен дуэт, коллаб болады?
Ayau, әнші: Аяулым Құсайын:
– Нақты коллаб бола алатын бір-ақ адам бар. Ол Мади. M'Dee-мен бізде қайтадан фит шығады. Қалғанын әзірше айта алмаймын.
– Қашан шығады? Жоспарлап отырсыңдар ма?
– Иә, осы жазда Құдай қаласа біз альбом жасап жатырмыз. Сол альбомды шығаруға қазір еңбек етіп жатырмыз.
– Бір шайқайтын шумағын айтып бере аласың ба?
– Баурап алдым ба сені? Ғашық болып қалдың ба сен... Мені бір көргеннен, денең тітіркенді ме?
– Аяудан бүгін бірінші рет сұқбат алып тұрмын. Көріп тұрған шығарсыздар, бойымыздың айырмашылығын? Бойың қанша см?
– Менің бойым плюс-минус 180. Нақтысын білмеймін, өлшеген сайын жүрегім ауырады.
– Осы бойыңның салдарынан жігіттер таныса алмайтын шығар иә?
– Негізі қатты қиын деп айта алмаймын. Бар енді арасында...
– Өзіңе қандай жігіттер ұнайды?
– Өзіме: көңілді. Көңілді дегенде қатты есіріп кететін емес. Орнымен. Творчестводағы адам.
– Нақты қасиеттерімен айтқаныңа қарағанда, біреу бар сияқты көзіңнің астына алып жүрген?
– Realy?
– Yas.
– Біз білеміз ба оны?
– Білмей-ақ қойыңыздаршы, қайтесіздер.
– Қазақстан білетін сияқты ғой иә соған қарағанда?
– Иә, иә.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Аяулым ұнатқан адамын айтқысы келмеді, құпияда қалдыруды жөн санады. Дегенмен, екеуі де бір салада жүргендіктен, құпияның беті көп ұзамай ашылары анық.