Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Көпке үлгілі келін, сіз бен біз білетін блогер – Сабиркин енесімен тұруға құлықсыз. Тіпті ол көшіп кету үшін кереғар әрекеттерге барып жүргенге ұқсайды.
Бұл жақында ғана түсірілімі басталған «Бөлек шығайық» толықметрінің концепциясы. Онда Сабиркин шынайы өмірдегі абысынымен бірге ойнайды. Екеуі кинода да бір әулеттің келіндері.
Бір әулеттің келіндері: Сабира мен Мадина. Негізі аттары да ұқсас екен. Кинодағы аттарың кім?
Сабира Жарасқызы, блогер, актриса:
– Біз шын өмірде абысындармыз.
– Кім үлкен келін?
– Мен - үлкен келін.
– Стаж? Қанша жыл?
– Стаж менде 8 жыл.
Мадина Сабыр, блогер:
– Менде бұйыртса уже 6-шы жыл кетті, иә.
– Енді кинодағы образға тоқталсақ. Қандай? Сабира қандай келін? Мадина қандай келін?
– Мен негізі пысықтау, бәрін тікке бетке айтатын. Сондай бір кішкене қаталдау келіндердің бірімін. Мадина бізде...
– Мен керісінше, жұмсақ, үндемейтін сондай боламын. Бірақ, соңында.. қызықтың бәрі соңында болады. Көріңіздер.
Фильмнің сценарисі, бас продюсері әрі қоюшы-режиссері – Нұржан Еркінұлы. Бір қызығы бұл лентаны жазарда авторлық құрамға жұбайлары да көмектескен екен. «Енді әйелдердің психологиясын әйелдер жақсы түсінеді ғой»,-дейді Нұржан.
– Қазақ кинематографиясында ауыл мен қала, ене мен келін тақырыбы часто қозғалады да, соған қарап біздің көрерменге басқа тақырып өтпей ма деген ой туындайды. Сіз қалай ойлайсыз?
Нұржан Еркінұлы, автор, сценарист:
– Біз басқа тақырыптарға да кейін келе жатармыз. Басқа тақырыптарды да түсіреміз, иә. Бірақ, жабылмаған гештальттар бар. Соларды біз жапқымыз келеді. Осы киноны жазуда әйелдер де атсалысты. Біз ер адамдар әйелдер туралы кино ойлап тауып жаздық, түсірдік деген нәрсе емес, бұл жақта ерлердің де, әйелдердің де ойы бар.
– Қазіргі таңда демеуші табу оңай емес, ол жағы қалай болды? Сосын екіншісі, бюджетін білсек бола ма фильмнің?
– Киноның бюджетін қазір нақты айта алмаймыз. Өйткені...
– Әлі өседі ғой?
– Иә, иә. Өсіп жатыр енді. Біздің ойымыз сол 100-ден асып кетпеу. Басты ойымыз. Демеуші табу қиын болады деп ойлағам. Жоқ, оңай болды. Мені бір жақын достарым колдады. Көрейік, - деді. Егерде шықпай қалып жатса ештеңе етпейді,-деді. Содан кейін біз үлкен бір сеніммен жұмыс істеп жатырмыз, иә.
Басты рөлдердің бірінде – Нұрқанат Молдахан. Ол Сабиркиннің күйеуін ойнайды. Бірақ Нұрқанаттың шын өмірде басы бос. «Уақыт өте таңдап қалады екенсің»,-дейді ол.
– Негізі басыңның бос екенін, бойдақ екеніңді білеміз. Көзіңе түскен қыздар ұнамай жүр ме әлде таңдап қалдың ба? Неге бұлай боп жатыр? Білем, бәрі қояды бұл сұрақты.
Нұрқанат Молдахан, актер:
– Негізі қыздарға жаба берсек те болмайды, көп байқадым өзімізден де бар негізі. Қыздар көп қой, өзімізден де бар. Кішкене сол жауапкершілікті алудан қашып жүрген шығармыз.
– Біреудің көзі ұнаса, біреудің сөзі ұнамайды, иә?
– Иә, иә. Таңдап қаласын деген рас екен.
Ал қатыгез ененің рөлі Қарагөз Тілеубековаға бұйырған. «Қазіргі таңда ене мен келін түсінісе алмай жатады. Бірін бірі айыптайтындар да көп. Бұл фильм сол дүниенің алдын алып, адамдарды мәмілеге шақырады»,-дейді Тілеубекова.
– Мен бір сұрақ қойғым келіп тұр. Жеке өміріңізден аса хабарым жоқ. Тек творчествоңызды білемін. Қателессем, түзерсіз. Өмірде ене рөлі бұйырды ма сізге?
Қарагөз Тілеубекова, актриса:
– Өмірде ма? Өмірде ене болған жоқпын әлі.
– Бірақ мощный ене болатын сияқтысыз иә?
– Әрине. Мынандай ене.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ене мен келін қазақтар үшін таусылмайтын тақырып. Дәл осы мәселені қозғаған толықметр биылдан қалмай үлкен экранға жол тартады. Келіндер мен көрерменнің көңілінен шыға ма? Жоқ па? Оны уақыт көрсетеді.