Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– «А-Студио» тобының әндері үлкен экрандарда! Аты аңызға айналған ұжым «Солдат Любви» атты мюзикл таспалауға кірісті. Массовкада кем дегенде 250 актер қатысса, хореограф Лондоннан арнайы шақыртылған. Біз бүгін сол ауқымды сахналардың біріне түсірілім алаңына келдік.
«Солдат Любви» - «А-Студио» тобының әндеріне негізделген мюзикл. Лента режиссері – Фархад Шәріпов. Ал, идея авторы – Байғали Серкебаев. Мюзиклде ауқымды 11 би сахнасы қойылмақ. Ал, түсірілім 60 күнге созылады.
Фархад Шәріпов, режиссер:
– Бұл жерде массовканың ауқымы үлкен. Себебі, әр сахна шынайы таспаланады. Мәселен, аэропорттың өзінде біз 100 адамды билеттік.
– Көрермендердің көбісі «Солдат Любви» мюзиклін естіген кезде А-Студионың тарихи немесе Батырхан Шүкенов жайлы ма деп ойлап қалады. Ал, бұл туынды не туралы болады сонда?
Фархад Шәріпов, режиссер:
– Туынды Батырға қатысы жоқ, тек А-Студио тобының әндеріне негізделген. Алматылық жас топтың хикаясы туралы.
Жобаның кастингі 2 айдан астап уақыт өтсе, бас кейіпкерлермен дайындық 7 айға созылған. Ал, би қойылымдарын қою үшін Лондоннан хореогроф Сапл Нам арнайы келіп, актерларға шеберлік сабағын өткізген.
Кеменгер Оралов, актер:
– Бұл жақта в основном би болды маған қиындығы және де вокал, оның барлығы қиын боды, бірақ подготовканың арқасында көп нәрсеге жеткен сияқтымын. Мен күніне 3 мезгіл биге қатысқам, таңда хип-хоппен, балетпен айналыстым.
– Ал, вокал мәселесіне келген кезде?
Кеменгер Оралов, актер:
– 7-6 айдың арасында дайындық болды бізде.
– Біз білеміз бұған дейін сізді көптеген көрермен «5:32» жобасынан кейін таниды. Сол жоба қаншалықты танымалдылық алып келді?
Кеменгер Оралов, актер:
– Ол сериалдан кейін біраз адамдар көрді, режиссерлар көрді, сол сериалдан кейін көптеген фильмдерде рөлдер алдым.
Кемеңгер Ораловтың ғашығы - Джулияның образы Жасмин Нұрахметоваға бұйырған. Еске салсақ, Жасмин кәсіби биші.
– Джулияны сомдайсыз, сол образ туралы айтып беріңізші?
Жасмин Нұрахметова, биші, хореограф:
– Кейіпкерім өте ашық, өзін еркін ұстау алатын, өз-өзіне сенімді, әрі биші қыз.
– Ең қиын сахна сіз үшін?
Жасмин Нұрахметова, биші, хореограф:
– Ең қиын сахна түңгі ойын-сауық орталығында болды. Ол жерде бас кейіпкер Кемеңгер екеуімізге сексуалды би-билеуге тура келді. Тым ашық сахналарды сол жерде түсірдік, содан кішкене қиналдым.
– Бірақ біз білеміз, сіздің желіде контентіңіз, биіңіз өте еркін. Хейттар жазылмай ма?
Жасмин Нұрахметова, биші, хореограф:
– Ирина Кайратовның бейнебаянынан кейін қатты хейт болған, себебі сценарий бойынша мен дастарханның үстінде биледім. Осы сәт ең ауыр кезең болды. Бірақ өнер болған соң, көрермен де түсінді деп ойлаймын.
Түсірілім алаңында кәсіби актерларда жоқ емес. Мәселен, Айсұлу Азимбаева мен Чингиз Капин арнайы шақыртылған. Алайда, жұлдыздар бір ғана сахнада бой көрсетеді.
– «Солдат Любви» туындысына қандай қатыстарыңыз бар?
Айсұлу Азимбаева, кино және театр актрисасы:
– Фильмге біздің камое ретінде шақырды, камое дегеніміз әртіс фильмде өз-өзін сомдайды.
Чингиз Капин, кино және театр актері:
– Поэтому нам нечего не надо играть.
– Ал, сіздерді осындай қарапайым тілде айтқанда массовка сахнасына шақыру қаншалықты қиын?
Чингиз Капин, кино және театр актері:
– Я не знаю как ответить... Мне кажется в кино маленьких ролей не бывает...
Мюзиклдің премьерасы 2024 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. Лента күллі ТМД-лық көрермендерге жол тартады деп күтілуде.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Авторлардың айтуынша, бұл «А-Студио» жайлы байопик немесе Батырхан Шүкенов хақындағы автобиографиялық лента емес. Тек топтың хит әндеріне арналған фильм болмақ.