Еркеш Шакеев әлемге әйгілі музыканттардың басын қосып өзінің мерейтойлық кешін өткізді

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:

Аңыз адам, дарынды композитор Еркеш Шакеев өзінің мерейтойлық көптен күткен кешін өткізуде! Маэстроның концертіне әлемге әйгілі виртуоз музыканттар шақыртылып, туындылар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады. Олай болса бірге, сапалы кештің куәгері болайық.

Бұл Еркеш Шакеевтің неоклассика және джаз бағытында өткізген Қазақстандағы тұңғыш концерті. Маэстро осыған дейін Лондон концерт залында, Грузия, Испания, Қытайдағы талай халқаралық фестивальдерде өнер көрсеткен-ді. Алайда концерт барысында келген қонақтар композитордың өзге де туындыларын тыңдай алды.

Tengri тобы:

Екінші рет Аллаға шүкір Еркеш ағамыздың кешін ашып жатырмыз. Өзі сондай бізге ұсыныс жасады. Бұл әнді Еркеш аға Тенгри тобы халықтың, біздің аспаптармен жасап, оны орысша айтқанда бесік жыры сияқты жасап тамаша орындап беріңдерші деп айтты. Бұл әнді бір жылдай жасадық шынын айтсақ, үш рет өзгерттік.

Ал А-Студио, Батырхан Шүкенов, Ани Лорактың орындауныдағы талай хиттар уақыт өтсе де өзектілігін еш жоғалтқан емес, жылдар жылжыса да халық жадында.

Сондай-ақ, бұл күні кеш қонақтары композитордың су жаңа «Пирс 39» жинағының композицияларын алғаш рет тыңдады. Джаз бағытындағы альбом Ресейлік музыкант Вадим Эйленкригпен бірлесе жазылған.

Вадим Эйленкриг, музыкант (Ресей):

- Еркешпен біз пандемия кезінде әлеуметтік желі арқылы танысқан болатынбыз. Менің ұжымыммен бірге джаз бағытындағы композициясын жазуға ұсыныс тастады. Осылай бір-бірімізді көрместен жұмысты бастап кеттік.

Вадим кешке арнайы шақыртылған жалғыз қонақ емес. Мәселен, Оливаер Пул сонау Ұлыбританиядан келіп отыр. Шәкеев екеуі бұған дейін бірлесе «Celestial» атты жинақты ұсынған болатын.

Оливер Пул, пианист (Ұлыбритания):

- Мен үшін осы концерттің бір бөлшегі болу үлкен құрмет. Себебі, Еркеш шынайы адам, оның шығармалары да шынайы. Екеуіміздің серіктестігіміз осымен тоқтамайды деп үміттенемін.

Еске салсақ, кеш түгелдей жанды дауыста, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Ал, оған Өзбекстаннан арнайы келген Алибек Кабдурахмоновтың өзі дирижерлік етті.

 

Шынайы эмоция мен көңіл толқыны үйлесім тапқан кеш Еркеш Шакеевтің ән орындауымен аяқталды. Композитор хит туындыларын кешке келген тыңдарманмен бірлесе шырқады.