ТТТ енді Алматылық емес! Төреғали Қызылордаға неге қоныс аударды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қашан да ізденісте жүретін Төреш, бұл жолы жаңа кәсіп бастаған. Фастфут бизнесі. «Ер жігіт бір табысқа тіреліп отырмауы керек. Жаңашылдыққа құмар болуы керек»,-дейді.

– Бизнесіңіз берекелі болсын дейміз! Енді кәсіптің басын шалып көрмекшісіз бе?

Төреғали Төреәлі, әнші:

– Жоқ. Мен әр нәрсенің басын бір шалып жүргенім жоқ. Оның үстіне кәсіп деген қатты да таңсық емес маған. Осыған дейін біз көптеген кәсіптерді жасадық. Соның бірі деп айтсақ болады.

– Тик Токта отырасыз ба? Сіздің «қай жақсылығым үшін?» әніңіз тиктокта тренд. 15 мыңға тарта видео түсірілген. Хабарыңыз бар ма?

– Жоқ

- Қазір өте қарқын алып жатыр. Сендей жанды деп басталады.

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Сендей жанымды жарым қып деп Сара Жүнісбек деген аяулы ақын қыз, композитор қыз. Солай деп естідім мен Нұрболат бауырымнан. Сол хит боп жатсың дейді. Менде тиктокта канал бар, бірақ мен өзім жүргізбеймін және оған кірмейді екенмін. Бірақ осы Нұрболат айтқаннан кейін кіріп көрдім біраз адамдар түсіреді екен, видео түсіріп таралып жатыр екен.

Қазіргі таңда Төреғали Алматы – Қызылорда, екі қаланың ортасын жол қылып жүр. Себебі, сыр елінде тұңғыштарын емдетіп жатыр.

– Білуімізше отбасыңызбен уақытша Қызылордаға қоныс аудардыңыз. Туған жерге көшуіңізге түрткі болған жайт?

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Туған жерден енді ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді дегендей біз туған жерге жиі барып тұрамыз және ол жақта біздің ағайын туысқандарымыз бар. Біз ол жақтан кеткен жоқпыз. Мен өзім әлі Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында пропискам да сол жақта. Сондықтан біз ол жаққа барамыз, келеміз, Алматыда тұрамыз. Бірақ енді менің көп жұмысым осы Алматыда. Қазір Алматыда тұрмын ғой иә?

-Иә.

-Сіздің қасыңызда.

-Менің қасымда. Көрінбей кеттіңіз ғой дегенде, қасыңда тұрмын ғой деген приколдай болды ғой.