Әсет Қарабалин, Данияр Бекжанов, Есен Елеукен қатысқан футзалдан «Жұлдыз лига» қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз бүгін медиа және шоу-бизнес жұлдыздарының футзалдағы ойынына келдік. Сонымен әлеуметтік желі мен камера алдында керемет көрінетін танымалдар футболда қалай екен? Әсет Қарабалин қандай шабуылшы? Нұрсұлтан Құрман қандай қорғаушы?

«Жұлдыз лига» – Қазақстанның түкпір түкіпірінен жиналған 8 құрама. Ішінде: журналисі де, ақыны да, асабасы да, әншісі мен актеры да бар.

– «Алатау» футбол құрамасының ең кенже, ең жас ойыншысы – Мырза Махамбет. Сен бұл командада қай позицияда ойнайсың?

Мырза Махамбет, актер:

– Негізі футболға келген кезде не сол қапталдағы қорғаушы, не оң қорғаушы. Енді футзал болғаннан кейін позиция талғамаймыз. Ағаларымыз, тренер қай жерде ойнайсың деп шешеді сол жерде ойнаймыз.

-Бүгін қай жерде ойнайсың деп шешті ағаларың?

-Әлі шешпей жатыр. Күтіп тұрмын ағаларды.

– Командаңдағы ең мықты ойыншы деп кімді айтар едің?

– Көп. Азат Асанов, Дәулет Өзбеков, Аңсат ағамыз бар. Абай бар. Ғаділбек Жаңай, Әсет Қарабалин. Өнер мен спортты бірге алып жүрген ағаларымыз ғой.

Футбол үшін 2700 шақырымды артқа тастап келген Атыраулық «Номад» құрамасы алғашқы ойынға «Алатаулық» жігіттермен түсті. 2:3 есебімен жеңіске жетті. Бірақ финалға дейін екі ойын бар.

– Атыраулық жігіттердің мінезін білеміз ғой енді. Ойыннан кейін төбелес болып жүрмей ма?

Ерболат Қарақойшы, ақын, FC «Nomad» жетекшісі:

– Жо-жоқ. Ораза ғой қазір.

-Ораза болмаса...

-Онда болады.

«Номад» ФК-ның команда капитаны, үздік сүрмерген – Радик Ғалым: «Жеңіске құлшыныс қатты»,-дейді.

– Қай позицияда ойнайсың?

Ғалым Радик, FC «Nomad» ойыншысы, әнші:

– Мен қорғаушымын.

– Қорғаушылар гол сала ма негізі?

-Иә, иә. Соғады ғой.

Ал «Алатаулық» Әсет Қарабалин, ойын басталмастан дерті дендеп, мазасының қашып тұрғанын айтты. «Дегенмен ол ойынға еш әсер етпеуі керек»,-деп өзін қайрады.

– Түріңізге, өңіңізге қарасам, бір ауырыңқырап тұрған сияқтысыз?

Әсет Қарабалин, FC «Alatau» шабуылшысы, әнші:

– Ауырып тұрғанда, иә. Менде кішкене аллгерия деген не бар. Сол басталып кетті ғой деймін. Кеш жаттым. Көңіл күй болмай тұр. Қазір ұйқымызды аша алмай тұрмыз.

– Ол ойынға әсер етпей ма? Сіздің самочувствиеңіз?

– Жоқ. Адам енді мына поляға шыққаннан кейін өзгереді ғой, допты алғаннан кейін. Қазір көреміз енді.

Ұйқы сол күйі ашылмаған сынды. Себебі, «Алатау» командасы Оралдық «Мәдениет» құрамасынан 9:5 есебімен ойсырата жеңілді.

Ал «Құрман» құрамасы жартылай финалды жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды. Топ 2017де құрылған. Команда капитаны әрі қорғаушысы – Нұрсұлтан Құрман. Бүгінгі кештің басты ұйымдастырушысы да өзі.

– Білуімізше, 8 команданың арасында «Құрман» яғни сіздің командаңыз да бар.– «Құрман» құрамасы жеңіп кетсе, бұл бармақ басты, көз қыстылық деп командалар возмущаться етпей ма?

Нұрсұлтан Құрман, тележүргізуші, FC «Qurman» капитаны:

– Жоқ. Мен төрешілерге ешқандай араласпаймын. Төрешілер өздеріңіз көріп отырсыздар, осы Қазақстан премьер лигасының төрешілері. Олардың біз жалдап отырмыз. Олар білмейді де менің командам екенін. Мен ешкімге айтпаймын, барлығына бірдей.

-Айтпасаңыз да, фамилияңыз айтып тұр ғой?

-Жоқ. Әділ төрелік болсын деймін. Өйткені мен командама сенемін.

– Дәл қазір Есен Елеукен ағамыздың командасы ойынын аяқтады. Қай командамен ойнады? Есеп қаншада қанша?

Есен Елеукен, «Қазақстан КВН Одағының» президенті:

– Жамбылмен ойнадық. Есеп 2-2. Қиын ойын болды негізі. Жамбылдың жігіттері бұған дейін қалыптасып қалған командасы бар. Біз енді Астана қаласындағы қалалық біріншілікте ойнап жатырмыз. Біздің балалар жан жақтан жиналған. Семей, Ақтау, Қызылорда, Астана. Сонымен бір бірімен түсінісе алмай қалған жағдайлар бар сияқты. Жақсы енді екінші, үшінші ойын бар. Әлде де үмітіміз бар.– Барлық командаға сәттілік, бізге жеңіс тілеймін.

Есен Елеукеннің күдігі бекер емес екен. Жан жақтан жиналған «Жайдарманның» жігіттері «Арқалыққа» 3:2 есебімен есе жіберді.

Ойында бірінші орынды «Qurman», екіншілікте «Арқалық», үшінші орын «Жамбылға» бұйырды. Сыйақылары да тәп-тәуір:

Нұрсұлтан Құрман, тележүргізуші, FC «Qurman» капитан

– Жеңімпаз команда биылғы қысқы маусымның чемпионы атанады. 1 миллион теңге арнайы сыйақыға ие болады. Екінші орын 500 мың, үшінші орын 200 мың.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:

– Жұлдыз лиганың шоу-матчы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!