Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
Ол – «Forbes» журналындағы бай-бағландардың тізіміне енген алғашқы қазақ. Бұл - 2011 жылы болатын. Одан кейін бірнеше атышулы фильмдер таспалап танылды. Бүгінде ол - коуч, мотиватор! Біз бүгін Ермек Тұрсыновтың творчествалық кешіне келдік!
Ермек Тұрсынов бүгінде кино алаңында емес, сахнада жүр. Режиссер 2 сағат бойы көрермендерінің алдында жалғыз өзі өнер көрсетті. Онда киногер өзінің жазған кітаптарына енген шығармаларды айтып берді.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
-«Пойдем жить дальше». Атауы да қызықты. Бұл немен байланысты?
-Ол байланысты немен? Ештеңе уайымдамай, осы өмірдің қиындықтарына қарсы тұру әрқашан да . Егер көңілің көтеріңкі болса кез келген мәселеге сен оны көтере аласың. Сөйтіп атадық.
Ермек Тұрсыновтың мақсаты келген көрерменге әзіл арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Себебі киногердің шығармашылық кешіне келген қонақ 10 мың теңге мен 100 мың теңге аралығында билет сатып алған.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
-Бүгінгі кештің де бағасы арзан емес. Бұл немен байланысты? Өзіңізді бағалауыңыз ба жоғары деңгейде?
-Мен өзімді қатты бағалаймын деп айта алмаймын. Бұл билеттің құны ол не көбіне мынау көп нәрселерге байланысты. Театрдың өзі қымбат. Театрдың жұмыскерлері. Аренда дейміз ғой, аренда сол ақшаны жеп қояды.
Жеке кештерден бөлек Ермек Тұрсынов курс өткізуді қолға алған. Құны 200 мыңнан басталып 400 мыңға дейін барады.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
-«StoryTelling» курсы басталады таяуда. Оған келетін кімдер сізде? Аудиторияңыз ба арнайы?
-Өзімнің аудиториям әрине бар. Өздері іздейтіндер бар осындай нәрселерді. Аса көп деп айта алмаймын. Бірақ сондай осындай курстарды іздеп жүрген арнайы мақсатпен. Тіпті кей кездері басқа қалалардан да келетін болды. Сондықтан қызық нәрсе, меніңше, пайдалы.
-Сіз не үйретесіз?
-Кез келген әңгімені қызықтырып айтуға үйретемін. Сол ең басты нәрсе.
Дұрыс сөйлеп үйрететін курс, әзілге толы кітаптар және мәдени қор. Осылайша Ермек Тұрсынов бүгінде бірнеше саланы қатар алып жүр.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
-Біз сіздің мәдени қорыңыздың ашылғанын да байқадық. *Ол қордың да мақсаты қандай болады?
-Басты мақсат сол осы мәдениетті дамыту. Ол енді ресми түрде рухани жаңғыруға ұқсамайды бағыты. Бұл енді нағыз нақты жұмыстар. Мен оны жалғыз өзім жүргізбеймін. Өзімнің бірге үлкен командам бар. Өзіміздің жоспарларымыз бар. Кейін жариялаймыз. Халық көреді. Көп нәрселерді ескереді деп ойлаймын.
Ермек Тұрсыновтың режиссерлығымен таспаланған соңғы «Шырақшы» туындысы 2018 жылы жарық көрген еді. Сол уақыттан бері киногер бірде-бір фильм жарыққа шығармады.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
-Соңғы кезде шығармашылығыңызда кино мансабыңызды қойып, осындай курстар өткізіп жүрсіз, тренингтар, кітап жазып жүрсіз. Бағытыңыздың өзгеруіне не себеп болды?
-Ақша жоқ. Ақша бермей жатыр. Ақша болғанда кино түсіруші едім. Қазір уақыт көп. Сондықтан елмен жақын танысу, барынша қолымнан келген көмегімді жасау, ағарту жұмыстарын жүргізу, мәдениетті жылжыту деген нәрселер. Сондай ойлар.
-Режиссерлығыңызға қайта ораласыз ба?
-Әрине, әрине биыл жоспарлап жүрмін. Егер бір реті келіп, мүмкіндік болып жатса «Сұлтан Бейбарыс» деген кино түсірейін деп жатырмын.
Ал Тұрсыновтың кезекті тарихи туындысының түсірілім жұмыстары қашан басталатыны әзірге белгісіз. Киногердің айтуынша, бар мәселе қаржыға келіп тіреледі.