Біздің киногерлер «Netflix»-пен ортақ жобалар жасамақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан,тілші:

- Бүгін – көрісу күні! Мерекені киногерлер жаңғыртты. Амал мерекесін тойлап әрі кино индустриядағы мәселелерді талқылау үшін бас қосты. Олар қандай проблема шешпек? Көрейік.

 

Қазақы колорит, халық әндері, наурыз көже! Кино-көрісу шарасына бас қосқан киногерлер іске кіріспес бұрын мерекені ұлықтады.

Асқар Ілиясов, актер:

  • Амал мерекесі құтты болсын, осы мерекені тойлайсың ба?
  • Тойлаймын әрине иә бүгін кешке қарай.
  • Кешке?
  • Иә кешке.

Айнұр Ілиясова, актриса:

  • Айтсам енді қатты тойлаймыз деп айта алмаймын, бірақ бір-бірімізді көрген кезде құттықтап осындай іс-шараларға келіп, ұлттық киім киіп жүруге тырысамын.

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

  • Кейіннен ғана жанданып жатқан мерекелердің бірі деп айта аламын, өйткені бала күнімізде баяғыда шыны керек бұл мерекені онша білмедік.

Жандос Айбасов, актер, продюсер:

  • Негізі осы мерекені тойлап жүргенімізге соңғы 2 жыл болды.
  • Оған дейін?
  • Оған дейін тек батыста ғана көретінмін.

Қуат Садыков, продюсер:

  • Бір жасыңызбен! Құттықтаймын! Амал мерекесі құтты болсын! Мен Атырауды дүниеге келгенмін. Батыстың дәстүрін Алматыға алып келдім, енді кинонарықта да осы салтымызды ұстанғым келді.

 

Амал мерекесіне жиналғанымен, киногерлердің мақсаты басқа. Мамандар ортақ алаңда нарықтағы мәселелерді талқыға салды. Медиа тұлғалардың пікірінше киноиндустрияда проблема жетерлік.

Жандос Айбасов, актер, продюсер:

  • Ең басты мәселе, бірігу керек. Әйтпесе қазір бізде жеке компаниялар өте көп, кино түсіріліп жатыр мемлекет тарапынан ақша бөлініп жатыр. Бірақ ондай қатты результат көріп жатқан жоқпыз.

Асқар Ілиясов, актер:

  • Түсініспеушілік, ол ең бір басты проблема шығар түсініспеушілік. Кино саласындағы осы жастармен үлкен кісілердің арасындағы түсініспеушілік.

Серік Әбішев, «Қазақфильм» студиясының вице-президенті:

  • Ауызбіршіліктің болмауы.

Айнұр Ілиясова, актриса:

  • Ол жаңағы кинозалдардан бастап, *01:58 Актерлердің құқығы тағысын тағы..

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

  • Біздің мына кино әлемін, отандық фильм дамытпай жатқан бір үлкен мәселе ол бізде әділеттілік жоқ. Әділеттік неге жоқ, бізде кинотеатрмен жаңағы ана прокат жасайтын компанияларды қадағалайтын ортақ база жүйе жоқ. Ол міндеттеме мемлекеттің міндеті.

Бүгінде «Ұлттық киноны қолдау орталығы», «Қазақфильм» сынды мемлекеттік киностудиялар жұмыс жасап жатыр. Алайда олар жеке студиялармен коллаборация жасамаймыз дейді.

Серік Әбішев, «Қазақфильм» студиясының вице-президенті:

  • Қазақ киносын жалпы бірге көтеру керекпіз. Ол тек қана мемлекеттің немесе құзырлы мекемелердің міндеті емес, ол жалпы осы киноға қатысы бар немесе жәйда көрермен болсын, барлығы осы қазақ киносын көтеру де атсалысу керек деп ойлаймын.
  • «Қазақфильм» кинокомпаниясы неге комерциялық жобалармен жұмыс істемейді?
  • 2019 жылы заң қабылданды, кино заңы, сол кинозаңында өкінішке орай «Қазақфильмнің» статусы мүлдем қарастырылмаған. Ол жерде «Ұлттық киноны қолдау орталығы» деп акционерлік қоғам ашылып, комерциялық емес. Сол қоғам арқылы осы мемлекеттік бюджетті кино түсіруге арналған.

Дәл осы мәлелерді шешу үшін бас қосқан киногерлер алдағы уақытта бірігуді көздейді. Мақсат – қазақстан шекарасынан асып, шетелдік кинонарықты жаулап алу.

Қуат Садыков, продюсер:

  • Кинонарықты жаулап алу үшін бір бірігуіміз қажет.
  • Бірігіп не істейін деп жатырсыздар?
  • Кино түсіреміз, сериал түсіреміз не только для казахского рынка... СНХ\муж\ Тек қазақстандық кинонарыққа емес, Қытай, Еуропа, Индия тіпті АҚШ-пен ТМД-ның нарығына жұмыс істейтін боламыз.
  • Ұсыныстар келіп жатыр ма?
  • Ұсыныстар өте көп. Еуропаны алатын болсақ, бізге түрлі платформалар қызығушылық танытып жүр. Paramount, АҚШ-та Netflix-пен келіссөз жүріп жатыр.

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

  • Біздің киноға не қажет қазіргі таңда?
  • Қазіргі біздің отандық фильмдерге ең бастысы өзіміздің менталитет бірінші кезекте. Жаңағы қазақылықтың иісі жоқ болғаннан кейін сәтсіздікке ұшырап жатады деп айта аламын.

Жандос Айбасов, актер, продюсер:

  • Өзіңіз енді қазақ кинонарығына үлес қосып жүрген кинопродюсерлердің қатарына кірдіңіз, не қосқыңыз келеді?
  • Өзіміздің компаниямыздан басқа жанрды киноларды түсіргіміз келеді. Әрі қарай осы басқа жанрды дамытқымыз келеді. Экшн болсын, нуар болсын, боевик болсын.

Асқар Ілиясов, актер:

  • Өзің актер ретінде қазақ киносының дамуына қандай үлес қосып жатсың?
  • Ол жақсы сұрақ. Білмеймін мен жәй киноға түсіп жүрмін. Мысалы, «Паралимпиадашы» киносын біз бір ай бұрын Германияда көрсеттік, Францияда көрсеттік. Ол да үлес шығар иә?
  • Сен мәселен, Индияда «үздік актер» атандың, осы «Паралимпиадашы» фильмімен құттықтаймыз.
  • Ол мен үшін де сюрприз болды.

 

Гүлдана Мұқан, тілші:

Бүгінгі жиын расымен де ерекше өтті. Форматы бөлек! Кино өндірістегілер идея алмасып, амал мерекесін ұлықтап, мықты нетворкинг жасай алды. Дәстүрге айналатын тусовка боларына сенейік.