Бекзат Елеусізов, актер, блогер:
- Бұл сиквелдегі образыңда өзгеріс бар ма?
- Бар. Негізі менің кейіпкерім, үшінші бөлім ғой уже. Сол үш бөлімнің ішінде, өте қатты өзгерген. Басында бір ақылы жоқ, таяз ойлайтын адам болған. Қазір үшінші бөлімге қарай өсіп, өніп жатыр. Мен ғана емес, көрермен де байқап тұрған шығар. Бека өте керемет арықтаған.
- Қателеспесем, 20 келіге арықтадың иә?
- Жоқ, 40.
- Қырық килограмға қалай аздың?
– Бұл енді өзіндік құпиясы бар.
– Айтшы, мен де азайын.
Бекзат Елеусізов, актер, блогер:
- Мен бұны айтсам, сіздер қалдырасыздар ма эфирде?
- Қалдырамыз.
- Менің инста парақшама жазылыңыздар. Сол жерде бәрін айтамын.
- Аааа, сен курс сатып жатсың ба?
- Жоқ, сатып жатқан жоқпын.
Ернар Құрмашев, кинопродюсер:
– Қай маусымда касса қомақты болды? Есіңізде ме?
– Екі маусымда да касса қомақты болды. Бірінші фильм 250 миллион жинаған. Екінші фильм 350 миллион.
– Ал үшінші маусымды қанша миллионға түсірдіңіздер?
– 100 миллион теңге. Осындай бюджет болған.
«Каникулы оффлайн» сиквелінің үшінші бөлімінде жаңа актерлар қосылған. Ол – Расул Ғалымұлы мен Аминка- Витаминка!
Аминка Витаминка, актриса, блогер:
- Жақында «Николодион чойс эвордс»-тың жеңімпазы атандың. Құттықтаймыз! Әсеріңмен бөлісші?
- Бұндай марапатты жеңіп алғаныма өте қуаныштымын, бақыттымын! Шамамен 4 жыл бұрын да бұл жарысқа қатысып, номинант болғанмын. Бірақ ұтпадым. Сәті биылға түсіпті. Ең бірінші ата-анама рақмет айтқым келеді.
Аминка Витаминка, актриса, блогер:
– Әлеуметтік желіден байқап қалдық. Соңында түсірілім біткен кезде, қоштасарда, Расул екеуің құшақтасып қатты жыладыңдар. Бір біріңе бауыр басып қалдыңдар ма?
–Иә, оның алдында біз басқа сериалға да бірге түскенбіз. 2 ай бір бірімізді күнде көріп, бауыр басып қалғанбыз ғой. Сол үшін қоштасу қиын болды. Қазір интернетте араласып тұрамыз.
– Бұл сиквелдің өзгермеген актерлық құрамында өзің барсың. Көп актерлар айтады ғой: Бір фильмге қайта-қайта түсе бергеннен жалығамыз,-деп. Ал сен жалыққан жоқсың ба?
– Жалпы «Каникулы оффлайн» проектінен жоқ жалықпадым. Себебі балалармен жұмыс істеген өзіме қатты ұнайды. Білмеймін, балажан болғандықтан ба? Үшінші бөлімі де көңілдеріңізден шығады деген ойдамын.
– Соңғы кезде байқап жүрміз. Өзің де продюсерлікті қолға алып, «Родной» атты толықметр түсірдің. Ең қызығы, сенің төл туындың «Каникулы оффлайнмен» бір уикендте прокатқа шығып жатыр. Конкуренциядан, касса жинай алмай қалудан қорықпайсың ба?
– Әр фильмнің өзінің көрермені бар деп ойлаймын. Олай конкуренция байқалмайды. Доспыз продюсермен. Жалпы балалардың аудиториясы ғой негізі. Ал біздікі отбасылық комедия.
Мағжан Хамит, актер:
– Осы фильмдегі образың туралы айтып берші? Өзгеріс бар ма?
– Образым туралы… Құдай қаласа өздеріңіз кинодан көресіздер. Бірақтауже өстім. Сондықтан сынап, өздеріңіздің ойларыңызды айтасыздар деген ойдамын.
– Өскеніңді көріп тұрмыз. Себебі өткен маусымда келгенде Маконың менен бойы кішкентай болатын. Қазір менен ұзып болып тұр.
– Жоба біткен соң, балалар бірін бірі қимай жылап жататын видеоларды көреміз ғой. Үлкендер де солай қимай жылайтын кездер бола ма? Сен жыладың ба?
Мағжан Хамит, актер:
– Жоқ. Үшінші частьта жыламадым. Өскен шығармын. Но бірінші маусымда иә, кәдімгідей. Өте қызықты кездер болды. Ол кезде кәдімгідей жылаған болатынмын.
Сымбат Сағындық, тілші:
– Фильм аудиториясы - балалар мен жеткіншектер! Мазмұны – жеңіл әзілген құрылған комедия. Дәл осындай контентпен касса жинау мүмкін бе? Келесі уик-эндте білеміз.