Мадина Дәулетқызы, тілші:
Дәл қазір біз саунд чектеміз, санаулы сәттен кейін мына зал көрерменге лық толмақ. Айгүл Иманбаева концертіне қызу дайындалып жатыр.
Айгүл Иманбаева, әнші:
Айгүл ханым, соңғы дайындықтан жүріп жатқан сияқты. Менің байқауымша, сіз соңғы 1 ай бойы үздіксіз дайындалдыңыз.Эстардалық әншілерге қарағанда менің бағытым басқа дейтінім, әртістік бағытта көбірек. Сол себептен ол дайындықты талап етеді және концерт жанды дауыста болғандықтан ол форманы талап етеді. Бірақ ең қызығы концертке 4 қалғанда суықатаған жайым бар.
Байқап қалдым жаңа сахна сыртында өзіңіз дәрі қабылдап жатып концертті қатар алып жүрсіз. Бұл қиын шығар енді?
Қиын. Қиын. Бүгін таңертеңнен бері больницада жүрмін.
Дәл осылай концерт алдында сұхбат берген Иманбаева, сахнаға шыққанда мүлде сыр білдірмеді. Тіпті, жиналған жұрт концертке санулы сәт қалғанда әнші система қабылдап, екпе салдырды деп еш ойламады.
Ең қызығы Иманбаева кешке қанша қаражат кеткенінен бейхабар. Айгүл ханым: «Шараға жұмсаған шығынның есеп-қисабын әлі жүргізбедім», - дейді. Ал бұл күні саханадан әншінің әріптестері Мейірғат Амангелдин, Жұлдыз Абдукаримовалар табылды.
Алайда, концертте сахнада емес, залда отырған өнер өкілдері көп болды. Тіпті, олардың арасында аты аңызға айналған Алтынбек Қоразбаев, «Дос-Мұқасан» ансамблі де бар.
Жанар Айжанова, әнші:
Бұның алдында да мен Астанада берілген есептік концертінде болдым. Концерті ерекше, бүкіл дайындығы мына концертке деген көзқарасы, өзі ерекше өткізгенді жақсы көреді.
Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
Гүлнұр ханым, сіздің Астанада тұратыныңызды білеміз. Концертке арнайылап келген сияқтысыз. Иә, менің өнердегі құрбым, досым, менің замандасым. Бір жылы туылғанбыз, арамыз тек бір жас, ой бір ай жеті күн. Айгүлдің қандай істі бастаса да тянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарып шығатынын мен өте жақсы білемін.
Айгүл Иманбава үшін «маңызды қонақтар» тізімі мұнымен шектелмейді.
Айгүл Иманбаева, әнші:
Бүгін енді менің қонағым өте көп. 200-ге жуық адам менде қонақ. Барлығы тілекші болып алыс-жақын жақтан келіп жатыр. Иә әкем келеді жолдасымен. Әкемнің жұбайынан қызы, сіңлім келеді.
Сіз Динара Сәтжанға айтқан екенсіз, сүйіктім де болады деп. Халыққа көрсетесіз бе?
Ол үшін концертке келу керек. Айтамаймын мен оны...
Дәл осылай, өнер иесі тосын сұрақтан жалтаруға тырысты. Бірақ бар білетініміз, актриса «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға сүйіктісімен бірге кетпек.
Айгүл Иманбаева, әнші:
Бұлай есеп беріп, бас-аяғымның, шығармашылығымды жинастыруымның тағы бір үлкен себебі бар. Ол «Болашақ» бағдарламасымен мен Британия еліне оқуға түстім. Тағылымдамаға кетіп барам, сол себептен де шығармашылығымды топшылап кетейін деген ниет болды.
Енді Иманбаева көтемде Лондон қаласына аттанады. Онда ол бір жыл бойы «Арт менеджмент» саласы бойынша тағылымдамадан өтпек. Өнер иесі шетелде болса да, шығармашылығы мен оқутышылық қызметін қашықтан, қатар алып жүрмек ниетте.