Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Ол – топтан кеткен соң, өзін өзіне һәм көрерменіне дәлелдеймін деп барын салды. Кино әлемінің де есігін қағып көрді. Олд скул әншілермен де, қазіргі хитмендермен де коллаб жасады. Кез-келген эксперименттен тайсалған жоқ. Тамшы тама-тама тасты тесті. Қолынан келді!
Жігер Ауыпбаевтың жеке әртіс ретінде сахнада жүргеніне 6 жылдан асты. Әнші сол уақытқа дейін халық алдында есеп берген емес. Биыл ғана уақыты келді деген өнер иесі симфониялық оркестрмен, жанды дауыста сахнаға шықты.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
- Сахнада жүргеніңізге талай жылдар болды. Неге жеке кешіңіздің сәті енді түсті?
- Менің өзім творчествалық жолым екіге бөліген,2008-2009 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі уақыттарда мен «Меломен» тобымен бірге болдым, одан кейін 2017 жалдан бастап жеке шығармалығыма кеттім. Өстіп менің екіге бөлінен творчествалық жолым.
«Меломен» тобынан кетсе де соло әнші ретінде жұлдызы жарқыраған Жігер түрлі әртістермен коллаб жасаған еді. «Бұл тренден қалмай, сұранысты арттыруға жасалған қадам», - дейді әнші.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
- Қаракесекпен шықаған дуэтіңіз «Лилия» трегі хитке айналды, бүгін ол трек неге орындалмады?
- Бұл кешке мен оны шақырдым. Екі ай алдын, бір жарым ай алдын жаңағыдай өзінің алып қойған жаңағы тапсырыстары бар, сондай жұмыс бабымен Қаракесек бауырымыз келе алмады.
Есесіне, маңызды күні – Жігердің жанынан Меломендіктер табылды. Олар – сахнада тұрып, қайта бірігіп, шығармалықтарын жалғастыруға уәде берді.
Қайрат Мырзаханов, «Меломен» тобының әншісі:
- Таяуда, топ және Жігер Ауыпбаевпен ток шоуда қарым-қатынастарыңызды талқыладыңыздар, бұл не үшін қажет болды
- Бәрімізде мінез бар деген сияқты, ашу болады деген сияқты, сол уақыттарда бір қозғалып қызығуқандылық көрсеткен шығармыз бірақ кейіннен кешірім сұрасып. От салушылар болған шығар арамызда кейінірек бірақ соңында бәрі дос болып қалдық қой.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
- Бүгін «Меломен»-мен бірге өнер көрсеттіңіздер, бұл бір-біріңізді кешірді дегеннің белгісі ме?
- Біз баяғыда кешірім қойғанбыз, кешіргенде де бір қатты бір арамызда не болған жоқ. Өнер адамдары өнердің ішінде жүргеннен кейін, өнердің ішінде өмір сүру білу керек, біз әшейін өнердің ішінде өмір сүріп жүрміз. Әңгіме айталады, нетеді. Сонысымен қызық қой өнердің іші.
Қайрат Мырзаханов, «Меломен» тобының әншісі:
- Арада 6 жыл өтсе де, болашақта мүмкін ба бірігіп трек жазып қайтадан еске алып кезіндегі топты?
- Әрине бәрі мүмкін, дуэт енді дуэт бәрібірде болады, ал бағанағы қосылу қосылмау жағы оны болашақ көрсетеді.
Бұл күн Жігер үшін ғана емес Айдос Кәден үшін де маңызды. Қойшы бала лақап атымен танылған жас талант Жігердің шәкірті.
Айдос Кәден, әнші:
- Жігер ағаның шәкірті болғалы өміріңде не өзгерді?
- Жәй жайлауда қойларға ән айтып жүрген Айдос емес, үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрген Айдос болдық.
- Жаңа айтып жатыр, сенің жасыңа байланысты дауыс өзгеріс болып жатыр деп?
- Ол жағынан өте қиын болды бізге, себебі бізде өтпелі кезең дейді, ол 14,15,16 жастарда болады, Менің жасым 16-да. 16 жасымда сол біздің енді кішкене қиналған жеріміз сол болды.
Жігер концертінің алдында Айдостың жанына тағы бір шәкірт қосуды жөн көрген. Бұған себеп: аспан асты елінде тұратын Өріс есімді бозбаланы интернетте көріп қалуы. Елге шақырып, өнердің көшіне қосқысы келген-ді.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
- Cіздің шәкіртіңіз болуы мүмкін ба алдағы уақытта?
- Енді болашақта енді мен ата-анасына айттым егер де маған шәкіртікке беретін болсаңыздар онда концертке алып келіңіздер дедім. Соған қарағанда енді маған шәкірттікке береді.
Айдос Кәден, әнші:
- Таяуда ғана Монғолияға барып келдіңдер. Шетелдік көрермен қалай қарсы алды?
- Өзім негізі іштей ойлағам Монғолия, ендің қанша дегенмен бізді танымайтын шығар деп. Бірақ ол жақтағы қандас бауырларымыз бізді өте қатты қарсы алды.
- Алдағы арман-жоспарың қандай?
- Бәрін енді уақыт көрсетеді, мен қазір 10 сынып оқимын.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
Республика сарайында Наурыз айы түгел концерт. Бір бос күн жоқ. Осындай бәсекелестік бола тұра Жігер Аупбаевтың кешінде залда бос орын болған жоқ. Билеттердің бәрі сатылып кетті. Солд-аут!