Садраддин клипінің тұсаукесері үшін Банкогтан арнайы Қазақстанға ұшып келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Садраддиннің «Ана» атты клипінің түсіріліміне қанша қаражат жұмсалды?

 

Ол соңғы кездері әлеуметтік желіде де, музыкада да белсенді емес. Бірақ кеше ұзақ уақыттық үнсіздікті бұзды. Садраддин “Ана” атты клипінің тұсауын кесті. Бұл – әншінің мансабындағы ең қымбат бейнебаян. Сонымен 30 мың долларға түсірілген туынды қалай шыққан? Бірге білейік...

 

Сымбат Сағындық, тілші:

– 12 миллион теңге жұмсалып, 6 ай дайындықтан өткен клип. Премьерасы үшін бұл әнші 7 сағатта Банкогтан, Қазақстанға арнайы ұшып келген. Бүгінгі кеште оны қолдау үшін 100-ге тарта танымал жиналды. Дәл қазір Садраддиннің «Ана» атты клипінің тұсауы кесілмек.

Садраддин Болат, әнші:

Көңіл күйім өте керемет. Ішімде бір қобалжуым бар. Басқа сезім болып тұр ішімде, білмеймін. Рақмет келгендеріңізге. Білдіре алмай жатырмын да әрбір адамға келіп...

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсенді емессің. Не себепті?

Себеп... / Осы... Және де басқа әндерімді де еститін боласыздар. Рақмет сіздерге тыңдармандар.

Бір әнге қанша миллион жұмсайсың? Сведение, аранжировка?

Өзіміздің командамыз бар және біз байқасаңыздар әр әнге бір әртүрлі инструменттер ойнағымыз келеді. Качествосын, сапасын жақсы қылғымыз келеді. Енді 300 мыңға дейін жасауға болады. 500-300 мың арасында кетеді жақсы әндерге негізінде.

Біз 1-2 жыл бұрын білетін Садраддин өте көңілді бала болатын. Қазір бір серезный болып кеткен сияқтысың. Себебі бар ма?

Оның себебім білмеймін өзім де... Жасым есейген сайын бір қиын заттар ойлап кетіп жатырмын ба сондай бірдеңе...

Алма –алма ағашынан алысқа түспейді деген тәмсіл рас-ақ. Садраддиннің анасы қобызшы. Қала берді музыка мектебінде педагог болған кісі екен. Кештің басты персонасы да анасы болды.

Айгүл ханым! Премьера құтты болсын! Балаңыз сізге ән арнап, клип түсіріп жатыр. Әсеріңізбен бөліссеңіз?

Айгүл Есқара, Садраддиннің анасы:

Әсерім өте керемет. Алтындай уақытын бөліп келген өнердегі аға-әпкелеріне, достарына, баршасына аналық алғысым шексіз.

Садраддин құрсақта жатқан кезден-ақ ерекше сәби болыпты. Арада қанша уақыт өтсе де, сол кезгі сезімдерді ұмытпаймын,-дейді Айгүл ханым.

Айгүл Есқара, Садраддиннің анасы:

Садраддин іште жатқанда өте тынымсыз болатын. Қатты тепкені соншалық мен ойлайтынмын не футболист болады, не ритм ұстаған бір музыкант болады дейтінмін. Өйткені өзіміз жақтан әншілер, музыканттар көп, өзім де музыкант болғандықтан.

Біздің жанымызда елімізге белгілі кәсіпкер – Арманжан Байтасов ағамыз. Аға сіз негізі бұндай тусовкаларда жиі жүре бермейсіз?

Арманжан Байтасов, бизнесмен, журналист:

Алматыда дәстүрге айналған «Азия дауысы» атты фестиваль әрі конкурсты биыл қайта жаңғыртып жатырмыз. Сол кеш жақсы өтуі үшін, қазіргі заманауи музыканы орындаушы жастардың өмірін бақылап жүрмін. Олармен бір толқында болғым келеді. Садраддин инстаға шақырту жібергенде, ойланбастан келісім бердім.

Алишер сәлем! Көңіл күйің қалай жалпы клип ұнады ма?

Алишер Қонысбаев, блогер:

Клип ұнады. 6 ай күткендегі өте керемет. Өзімнің көңілімнен шықты. Сонша күткенде ақталды.

– Көзіңе жас алғың келген сәт болды ма?

Болды. күшті, ана туралы соңғы жақтарындағы сөздері. Барлығы керемет. Мен алты ай бұрын тыңдадым бұл өлеңді.

– Клип ұнады ма? Қай жері саған қатты әсер берді?

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Анасының баласы келгенде жайқалғаны. Сол кез ұнады қатты. Бұл клипті түсінген адамға негізі уровень. Натури мына клипті Рианна ма мысалы бір мықты әнші түсірсе, бәрі емааааа дейді. Біз қазақтар түсірген соң, онша емес. Негізі бағалаңыздар, өте керемет клип.