ЛЮБОЙ ПРОБЛЕМА ШЕШЕТІН КИНОШНИКТЕР!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

– Любой проблема шешеміз! Жоқ, біз емес. Бұл биыл жарық көретін комедияның аты. Мұнда: Рамазан Амантай, Рүстем Жаныаманов, Анар Батырхан сынды актерлар ойнайды. Сонымен олар қандай проблема шешейін деп жүр?

– Бұл сенің кино әлеміндегі ұзақ үзілістен кейінгі фильмің иә қателеспесем? Толықметрдегі?

Анар Батырхан, актриса, тележүргізуші:

Ұзақ үзілістен кейін басты рөлім деп айтсам болады. Менің образым бір қызығы тәлпіш қыздың рөлі емес. Мен бұл жерде кәдімгі стервамын. Мен борзаямын. Қатты қыздар болады ғой, мінезі бар. Айтқанынан қайтпайтын, сондай серезный.

– Сіздер бұл актерді танып тұрсыздар ма? Жаңа мысалы мен танымай қалдым. Образыңыз туралы айтып берсеңіз?

Рүстем Жаныманов, актер:

Образ мүлдем басқа. Ален Ниязбеков: Осы жолы сен мүлдем басқа болуың керек,-дейді.

Анар бізде коллектор екен. Сіз?

- Мен профисиональный ұры.

Негізі соңғы кезде Рүстем Жаныаманов киноларда көп болып кеткен сияқты. Әлде сіз бұл пікірмен келіспейсіз бе?

Бәріміз көп болып кеткен сияқтымыз. Неге десеңіздер, киномызда актерлар аз ғой. Жаңа түрлерді іздегісі келеді режиссерлар. Іздеу керек те. Оның бәрі уақыт және қаражат деп ойлаймын. Өйткені басқа да облыстағы актерларға мүмкіндік берілуі керек.

– Біз образ туралы сұрамай-ақ қояйық. Айтпаса да бәрі түсінікті негізі.

Марат Достаев, әзілкеш, актер:

Образым көрермендерге сәл секрет болып қалсын. Бірақ қазақ полициясының жақсы жағын көрсетеміз. Яғни 80 процентін.

  • 80 процентін?
  • Сіздер ғой ойлайтын нашар деп. Менің ойымша қазақ полициясының 80 проценті добросовестный. 20 процентіне мен сияқтылар кіреді.