Құралай Анарбекованы кинопродюсер ретінде әйгілеген «Брат или брак» фильмі жалғасады. Сиквелдің түсірілім жұмыстары басталды. Туындыда Нұрлан Сабуровтан басқа актерлық құрмадағының бәрі бар. Комик түсірілім алаңында неге жоқ?
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Құралай Анарбекова бір фильмінің прокатын аяқтамай тұрып, келесісін таспалауға кірісіп кетті. Бұл жолы 4 жылдық үзілістен соң атышулы «Брак или брат» картинасының сиквелі болмақ. Продюсер бізге берген сұқбатында фильм тәмам, жалғасы болмайды деп шегелеп айтқан-ды. Неге ойнынан айныды? Қазір білетін боламыз.
Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:
- Мен актерларға тағы да шығып сценарийді ұсынған кезде, олар оқып шығып, олардың көңілінен шыққаннан кейін, мына сценарийді түсірмесе болмайды деп өздері келісімдерін берді. Дәурен де қуана-қуана келісті. Өйткені өзі осындай образды армандаған екен.
- Сонда сценарий алдын-ала дайын болды ғой. Қанша уақыт бұрын?
-Сценарий дайын болды, мен бір мен осы жылы оны қайтадан отредактировать еттім. Қаражат та аз емес, актерлардың гонорарлары да күннен-күнге ұлғайып келеді.
Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:
- Үшінші бөлімнің жалғасы қандай болады?
-Айдар екеуміздің жанұямыз үлкейеді бір ғана бала емес үш бала болады және де Айдардың жаняұсындағы менің ағаларыммен сол кептелісті көрсетеміз. Көбінесе Айдардың линиясы созылады, өйткені ол екі персонажды ойнайды.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
- Айдар енді қанша дегенмен есейді, кішкене туысқандық қатынастар бар, өткен өмірі бар, гендері бар, сол өзінің өткен шағына өміріне кішкене тереңдей түседі.
«Брат или брак» фильмінің үшінші бөліміне Анвар Матжанов режиссерлық етпек. Еске салсақ, лентаның алғашқы екі бөлімі кассалық жағынан мол табысқа кенеліп, көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие болған еді.
Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:
- Сіздің 1-2 бөліміңіз сәтті шықты кассалық жағынан, қанша жинап еді ол кезде?
- 500 миллионнан артық қаражат таптық бірақ та ол тапқан қаражатты әрі қарай мен инвестировать еттім.
Картинадағы бас кейіпкерлерді біріктіру Құралай Анарбековаға оңай соқпаған. Актерлардың дені – гонорарларын аспандатып жіберген. Дегенмен, ортақ шешім табылды. Бірақ, фильмде Нұрлан Сабуров бой көрсетпейді. Сценарийде жоқ.
Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:
-- Сабуровқа ұсындым, ол ТНТ-мен өзінің договоры болғаннан кейін болар өздерінің әртістері занятность көп болсын деп бір жыл бұрын оларға график құрады. Сол графикка бізге кіре алмадық. Бірақ та біз көп переговорлар жүргіздік.
Нұрлан Сабуров бұл жолы фильмде болмаса да, картинаға жаңа кейіпкерлер қосылады. Бұған қоса, Тәуекел Мүсілім, Мұрат Бисембин сынды актерлар жаңа қырынан ашылмақ.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
- Құралай ханымның айтуынша «Брат или брак» фильмінің үшінші бөлімі 3 жыл бұрын жазылыпты сценарий. Бірақ сіз келісім бермепсіз, не себептен?
-Арада бір уақыт өтіп, түсініксіз себептермен тоқтап қалды. Нақты мен себеп болдым деп айта алмаймын.
- Гонорар мәселесі ұзақ талқыланыпты, сонда төленетін қаламақы аз болды ма?
- Біреуге аз, біреуге көп шығар, бірақ енді ұзақ талқыланды, иә дегенмен әйтеуір бір ортақ шешімге келдік қой.
-Ең біріншіден мұнда актерлық құрам. Екіншіден бұл сценарийдің қызықтығы, күрделілігі.
Олжас Абай, әнші, актер:
- Олжас Абайдың онсыз да танымал атын одан әрі әйгілеген «Брат или брак» деп айта аламыз ба?
-Иә, айтуға әбден әбден болады. Өйткені өзім түскен кинолардың ішінде осы «Брат или брак» маған өте қатты ұнайды. Осы образбен көрермендерге есте қалдым деп ойлаймын.
-Осы фильмдегі Багамол – Бага мал сахнасы желіде өте қатты тарады. Бұған кездейсоқтық па әлде сіз немесе команданың қосқан үлесі бар ма?
-Негізі өзім де осы рөлге импровизация біраз сөздер қосқуға болады. «Да ну Гулбану» болмаса тағы да басқа нәрселерді. Команданың да аты бар өзімнің де қосқандарым.
-Жалпы, фильм прокатта мол табыс тауып жатса, актерлаға белгілі бір пайызы қосымша беріле ме біздің кинонарықта?
-Жалпы осы мәселе жайында негізі мен қозғағым келген. Көбінде жаңағы неге продюсерлер ғана ақ түсіретін продюсерлер ғана ақ белгілі бір жетістікке жетіп, байып даму керек. Актерлардың да өзінің пайызбен есептелетін бағасын берсе екен.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Маған мұндай қолданылмаған әлі, мен мұндаймен кездеспедім, бірақ негізі ол тәжірбиеде бар нәрсе.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Продюсерлерге де оңай емес, себебі қазір кинотеатрлар 50 процентін алады, ол продюсерлерге көп ақша.
Көптен бері үлкен кинодан көрінбей кеткен Әбунасыр Серіков те түсірілім алаңына қайта оралды. Киногердің үзіліс алуының өз себебі бар.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Байқап қарасақ қазір фильмдерді таңдап, талғап түсетін болғансыз ба?
-Жоқ талғап емес, себебі ол – денсаулық. Біздің киномыздың басталғаны бір 10 жылдай болды ғой, 10 жылға да толған жоқ. Керемет режиссерларымыз, керемет продюсерлер қолымыздан келгенше көмектестік. Енді бізге де кішкентай отдача болса дейміз.
-Фильмде біз көріп үйренген Қанапия ма әлде образда өзгерістер бола ма?
-Жоқ ол Қанапия сол Қанапия.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Фильм прокатқа жылдың аяғында шығады деп жоспарлануда. Алдыңғы екі бөлім сынды табысты бол ма әлде бәсекеге төтеп бере алмай қала ма? Оған уақыт төреші.