Сымбат Сағындық, тілші:
– Бұл жанрдың болашағы бар дегенге, бастапқыда сенгендер аз болды. Бірақ араға уақыт салып, жанкүйері артты, тіпті үлкен залдар жинай бастады. Стендап – бізге кенжелеп келген бағыт. Соған қарамастан, бүгінгі кеш солд-аут!
«Леп» клубының қыз-жігіттері соңғы 2 жылдықта Қазақстанның түрлі қалаларында 15-ке тарта үлкен кеш өткізіп үлгерді. Дегенмен, стендаптың негізгі алаңы – Алматы саналады. Тіпті комиктер жеке концерт өткізетін деңгейге жеткен. Алғашқылардың бірі – Аңсаған Садырхан. Кеш – «Аңсаған деген осы бала» деп аталады..
Аңсахан Садырхан, стендапер:
– Ерекшелігі қазір мен жалғыз өзім шығамын. Бір сағат өзім выступать етемін. Менен кейін общий үлкен концерт болады. Иә, қатты қобалжып тұрмын. Білмеймін, бұндай болмаған ғой әлі ешкімде. Қазақша ешкімде болмаған пока. Мен өзім рисковать еттім. Мен бастайын деп, потом менен кейін балалар бастайды.
– Зал әзілдеріңе мүлдем күлмей қалған кез болған шығар?
– Осыдан 2 жыл бұрын. Мен уақыт туралы айтқам. Уағыз болып кетті ма, сондай болып кетті. Анау 7 минут. Бірақ мен сол жеті минутты өңдеп, ютубқа шығарғам. Ол өте күлкілі.
– Стендап өз көрерменін тапты ма?
Нұрмахан Мұқанұлы, автор, стендапер:
- Белгілі бір аудитория бар. Бірақ біз онымен шектеліп қалмауымыз керек. Кеңірек, ауқымды-ауқымды аудиторияға шығу керек. Оған мүмкіндік бар.
– Өмірі дайындалмай, залды жыртып кете беретін стендапер Данияр дейді?
Данияр Бекжанов, жайдарманшы, стендапер:
– Мен келіспеймін. По любому дайындаламын негізі. Дайындық қой, бәрібір дайындық қой.
Дархан Оспанов, жайдарманшы, стендапер:
– Бүкіл концерттерде жабатын осы кісі. Себебі Даниярдан кейін, бір ретінде... Соңғының алдындағы адамды қазақша... Предпоследний қалай болады? Примерно Данияр 7-ші адам болып шығады да, одан кейін 2 адам болады да, Данияр выступать етті, одан кейін концерт бітіп қалды ғой.
- Ары қарай күлмеді ма?
- Ары қарай күлдіре алмай қойды балалар.
Қазақ стендапта қыздар аз. Әзірге ең танымалы тек Жансайка. «Проблемаға тап болғанда, оны әзілге айналдырып өзіме түртіп жүремін»,-дейді.
– Жанұялы екеніңді білеміз, қызың бар кішкентай. Материал дайындап, жазып, оны тестить етіп үлгересің ба?
Жансая Мұратбекова, стендапер:
– Мен әсіресе қызымды ұйықтатып тастағаннан кейін түнде жазам. Менің шабытым түнде ашылады почему то. Метериалды жазып болғаннан кейін, ең соңында концерт болатын болса, жолдасым Дидар және Ғалымжан екеуіне көрсетемін.
– Көп ақша жоқ жерде мықты мамандар болмайды дейді. Бұған қаншалықты келісесің?
Ғалымжан Жанықұлов, стендапер:
– Негізінде көп креативный нәрсе интуиция... Қазір осы жерде орыс тілі апайым... Осы күндері сабаққа барған жоқ едім.Бұл жерде мен келіспеймін, бұл жерде ақша бар ғой. Каждый комик біледі. Мысалы Аңсаған сольник жасап жатыр. 100 адам 4 мыңнан 400 мың теңге деген секілді ғой бір кеште. Там таргет, маркетингке 50 мың кетті. Қалғаны өзіне қалады.
Дегенмен, стендаптың табысынан қарағанда, шығыны көп дейді өзгелері.
– Монетизация жасалған ба стендапқа?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– YouTube – та просмотр үшін, иә. Бірақ реклама жоқ бізде. Спонсор жоқ. Біз бүгінгі аренданы, камераны барлығын өзіміздің ақшамызға, осы билеттен түскен ақшаны сол жаққа жібереміз.
- Өздеріңе қала ма негізі?
- Жоқ.
– Сен үшін қазақстандық ТОП-3 стендапер?
– Талғат, Жекен деген жігіт. Қойып кетті ол. Сосын Аманжан.
– Данияр Бекжанов, Дархан Оспанов и Нұрмахан Мұқанұлы десең...
Мен үшін Тұрсынбек, одан кейін Мейіржан Алтыбаев әзіл әлеміндегі. Данияр Бекжанов.
- Гала мен Дико.
– Негізі Гала, Ғалымжан.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Қазақстандық стендап, өзіміздің әзіл! Қоғамдағы қыжылды қағытпа қалжыңмен, заманауи стильде жеткізе білу де үлкен өнер. Жаңа дәуір жасағысы келетін жастар қарқын алып келеді. Ендігі жоспарлары тіптен ауқымды.