«ZERO» – АЗАРТТЫҢ СОҢЫ – АЗАП!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бағлан Әбдірайым тағдырдың талай тәлкегін қолдан жасағанын мойындайды. Барын бәсекеге тігіп, тақырға отырған. Былайша айтқанда – лудоман. «Ақ пен қара» дәл осы атаумен 2019 жылы казиноға құмарлығы жайында, авторлық кітап шығарды. Тіпті соның желісімен драмалық картина таспалады. Бүгін премьерадамыз!

Қайырлы кеш Бағлан мырза! Премьера құтты болсын! Әсеріңізбен бөліссеңіз?

Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер

Әсерім... Білмеймін... Ана бір шетелде жүргендей әсерде болып тұр.

– Ойынның соңы өлім. Суицид. Бұл сіздің сөзіңіз. Жалпы кітабыңызды оқып, беті бері қарағандар бар. Ал кино көмектесе ма қалай ойлайсыз?

Көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені әрбір адасқан адам, әрбір шалыс басқан адам бәрібір осы жолмен жүреді. Осы қиындықты көреді. Сол өтірікті айтады. Егер адасып жүрген адам болатын болса, осы кино арқылы өзін көре алады деп ойлаймын.

Әлеуметтік желіде: «Бағланды қолдау үшін, киносына екі қайтара баруға дайынбыз»,-деп жатқан комменттерді көп оқыдым. Бұл дегені өзіңіз айтқан елдің сеніміне кіре алу қасиетіңіздің арқасы ма?

Айыпты екенімді айтқан сайын, соны көрген көрермендер өзін көретін сияқты. Өзін көргеннен кейін, өзі айта алмағанды, мен эфирде айтып отырғаннан кейін сондықтан қолдау көрсететін сияқты деп ойлаймын.

Туындыда негізгі рөлдердің бірін ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ойнайды. Актерға ұсыныс түскенде, ойланбастан келісім беріпті. Себебін де түсіндірді:

Сіз негізі фильмдерге келісім бере бермейсіз ғой. Аңыз актерлардың бірісіз. «ZERO» фильмі несімен қызықтырды сізді? Қалай келісім бердіңіз?

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі

Бірінші бұған келісім бергенім, идеясы Бағлан Әбдірайымовтікі. Бағланды мен өте жақсы көремін. Ол өзі өте жанашыр, бауырмал адам. Менің басыма қиын кездер келген кезде, жүгіріп келіп маған араша түскен жігіт. Жас болса да. Соған өте риза болдым. Сондықтан мен үлкен рақметімді айтамын. Ол маған қолқа салды: аға, ақша аздау. Мен: сен шақырған соң, саған бесплатно барам дедім. Содан кейін екінші мәселе бұл режиссер – Талғат Жәнібеков. Талғат Жәнібеков менімен бірге қорлық көрген адам. Бұрынғы режиссердан. Ол өте талантты режиссер.

Еркебұлан енді кейіпкерің туралы айтып берсең? Кімді сомдайсың? Аты кім?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Типичный игрок. Үш дос қой негізі. Үш дос жайында. Негізі бастапқы история осы Бәкең жайлы. Сол кісінің басынан өтті ғой енді ол оқиғаның көбісі. Бірақ біз де қасында жүреміз оның. Жел беріп былайша айтқанда. Жел бергіштің рөліндеміз біз Очоу екеуіміз. Шынын айтқанда, осыдан 2 жыл бұрын қатты мен де казино емес енді, ставка қойып жүрдім. Сондай қиын кезеңдер бастан кешіргем.

Азарттың соңы азап екенін, аз уақытта ұғынған Еркебұлан бүгінде, ол тарапқа аяғын аттап баспайтынын айтады. Кино әлемінде сұранысы жоғары актер ретінде ол, бастапқыда Бағланның ойнай алатынына күмән келтіріпті.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Бірақ мен шынымды айтсам, Бәкеңнің актерскийына басында естіген кезде сенген жоқпын. Бірақ Бәкең өте күшті ойнап шықты. Органично, түрі де өте фактурный. Өте жақсы ойнап шықты.

Жалпы өзіңе казиноның аурасы, атмосферасы таныс па? Сұрақтың төркінін түсініп тұрған шығарсың?

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

  • Бір ортамен барып, кіріп, көріп... Бәрін бір көрген дұрыс қой енді. Мен зерттеймін ғой любой нәрсені. Зерттеген кездегі тапқаным: айна жоқ, терезе көрінбейді, сағат жоқ, 24 сағат істейді. Официанттар қалай ұрыссаң да үндемейді. Сондай нәрселер бар екен да, қарадым. Өте бөлек закрытый әлем ғой. Оны азартниктер түсінеді деп ойлаймын. Өте жаман нәрсе.

Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер

300 мың доллар яки 140 миллионға жуық теңге! Басын бәйгеге байлаған Бағлан, бақуатты бизнесменнен бұл сомманы қарызға алған. Картина прокаттағы 1 айда, тиынына дейін төлеп беруі тиіс. Жігітшілікпен жүретін жұлдыз, бұл жолы сертіне сай бола ала ма?