Гүлдана Мұқан, тілші:
- Тиктокерлер енді үлкен экрандадарда! Желі жұлдыздары қандай актер? Бүгін «Aool House» фильмінің премьерасында анықтайтын боламыз. Себебі тикток арқылы танылған жас блогерлер туындының басты рөлінде.
Ауылдың қарапайым жастары бірігіп хаус құрмақ. Басты мақсат – ақша тауып, мұқтаж жандарға көмектесу. Дәл осы тақырып сөз етілген «Aool House» фильмі тұсауын кесті. Туындыда басты рөлде - Зухра Сайпи пен Дәулет Өзбеков, ғашықтардың рөлін сомдайды. Еске салсақ, лента тикток туралы алғашқы ауқымды жоба.
Фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі - Зухра Сайпи. Актриса үшін фильм ерекше. Себебі лентада Зухраны эпатажды образда көруге болады. Түсірілім қалай өтті? Зухраның өзінен барып білейік.
- Зухра, кезекті премьера құтты болсын, енді соңғы кездері топ актрисалардың қатарындасың жас жұлдыздардан. Сенде «Дос-Мұқасан» бар, «Боксер» фильмі бар, енді міне «Aool House».
Зухра Сайпи, актриса:
- Енді мен біріншіден өзімнің еңбегімді айтқым келеді, талмай еңбек етіп келе жатырмын. Осы колледжге түскенннен бері, кастинг, видео пробалардан қалмаймын. Енді барынша өзімнің іштегі таза ниетім деп ойлаймын, соның арқасында қазір осындай дәрежеге жетіп жатырмын.
- «Aool House» фильмі сені несімен қызықтырды?
- Ол мені өзінің сондай басқа образдығымен қызықтырды өйткені біліп отырсыз, мен бұндай образда ешқашан ойнамағанмын. Сондай городская, дочь акима.
- Бұл фильмде «Renzo» тобының мүшесі - Дәулет Өзбеков те бар. Алуа Қонарованың шәкірті соңғы кездері сериалдарға түсіп, актер ретінде сұранысқа ие болып жүр. Ал, Дәулетке танымалдылық әкелген әрине, тикток.
Дәулет Өзбеков, актер, «Renzo» тобының мүшесі:
- Менің алғашқы үлкен жобам бұл. Өте қатты қобалжып тұрмын, шыны керек.
- Толықметрде түсемін деп ойладың ба?
- Шыны керек, бұлай тез жолым болып кетеді деп ойлаған жоқпын, толықметрге түсуге бірақ та осылай бұйыртып, болды.
- Актер ретінде саған деген сұраныстың артуына TikTok бірден-бір себеп деп айта аласың ба?
- Тикток, иә. Өйткені тикток арқылы мен, «TikTok house» деген сериалға түстім, ол да жақсы енді. Тикток енді өте жақсы көмектесті деп айта аламын.
- Фильм ауылда таспаланды, өзің қаншалықты жиі ауылға барасың?
- Мен шыны керек, ауылға өте жиі барамын. Әрбір қазақ баласы ауылдың топырағын иіскеп өсуі керек деп ойлаймын Ох ты, қазақша айтып жібергенсің ғой, кәдімгідей.
- «Aool House» фильмінің түсірілім барысында қандай да бір қызықты оқиғалар болды ма?
- Ербол - Санекті ойнайтын актер, сол актермен екеуміз де қазірге дейін күле береміз.
- Не себепті?
- Менде ұрысып жататын сцена болады, мен сол кезде аттарын толық айтуым керек болады. Таирғали, Алтынай, сосын Санектікі Сафиғат Ғұмырұлы Айтқожа деп айту керек, сол кезде мен 10-15 дубльдай болып кетті күле беріп. Сосын Бақытжан Әлпейісов деген үлкен ағамыз бар, сол ағамыз ұрысып, мені сабама келтіріп содан кейін барып кішкене басылған болатынмын.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- «Aool House» фильмінде «Сержан Братан» фильміндегі Ержан Вайнс образымен танымал Ербол Әлмұқан бой көрсетеді. Жас актер үшін бұл толықметрдегі алғашқы туындысы.
Ербол Әлмұқан, актер:
- Басында мен алдын-ала айтпаймын режиссерге, осындай осындай деп, мен өзім съемка болып жатқан кезде істеймін сол нәрсені. Сосын режиссер айтады о давай осылай қалсын.
- Бұл фильмнен кейін сені хаусқа шақырса барасың ба?
- Жоқ, мен актер болып қалған дұрыс деп ойлаймын.
Фильмде сондай-ақ, танымал «Yolo House» және «Bip House» командалары да бой көрсеткен. Оған қоса «Cool Qazaqs» хаусының негізін қалаған Тико да туындының жарық көруіне атсалысқан.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Толықметр құтты болсын, қанша дегенмен өз үлестерің бар.
Tiko.XO, әнші, блогер:
- Менің үлесім, более ол музыкальный жағынан, саундтрек. Соның барлық процессіне қатысып, бірге отырып істегенбіз.
- Хаус қайда қазір?
- Хаус өкінішке орай жабылды себебі, қазір хаустар ондай қатты актуалды емес, кью-поп сияқты ғой.
- Ал, тиктокерлердің бәрі жаппай актер болып жатыр, әнші болып жатыр, оған көзқарасың қандай?
- Күшті, күшті, қолыңнан келсе неге жасамасқа.
Фильмде актерлық құрам ғана емес, түсірілім тобы да дебютанттардан құралған. Мәселен, лентаның режиссері Дәурен Қамшыбаев үшін алғашқы толықметр.
Дәурен Қамшыбаев, режиссер:
- Это фильм о дружбе, это фильм о любви.
- Фильмнің сценарийі түсірілім барысында жазылды дейді ол қаншалықты рас?
- Мне очень нравиться работать с актерами и парой, если я понимаю сцена не работает то да, я готов на месте по ходу съемок по ходу переписывать сценарий, переписывать какие то сцены. Главное, чтобы сцена заработало, чтобы актеры были живой.
- Актерлар енді кәсіби маман емес, жас актерлар көңіліңізден шықты ма ойындары?
- Мы долго выбирали, был большой кастинг, но я знал кого я выбираю. Я знал с кем я буду работать. Ребята молодцы, все выложились на 100 процентов.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Біз осы уақытқа дейін тиктокерлердің тиктогын ғана көріп келген едік, енді 26-шы мамырдан бастап олардың үлкен киносын көретін боламыз. Ал, олар қандай актер көріп бағасын беріңіздер.