Сымбат Сағындық, тілші:
Бүгін эфирде «Бір болайық» жобасының 1000-шы саны! Атаулы датаны тойлатуға, барлық маусымның жүргізушілері мен қатысушылары келді. Өткен күнді еске түсіріп көрейік!
5 маусым, 203 340 сағат, 3335 шырқалған ән, 281 қатысушы, 18 263 үміткер, 17 көтерілген шаңырақ, 11 немере – бұл «Бір болайықтың» 5 жылда көрсеткен жетістігі.
Бірінші маусымның қатысушысы – Мәди Рахымбай. Көңіл күйің қалай? Алғашқы қатысушы болып келген кезіңді еске бір түсірейікші?
Мәди Рахымбай, «Бір болайықтың» бірінші маусым қатысушысы:
- Көңіл күй керемет. Бүгін «Бір болайық» болып өзгеріпті. 1000-шы эфирге келіп құттықтап кетейік деген ниетпен келіп тұрмыз. Осы бағдарламаға келген кезде, мен басында былай ойлаған болатынмын, осы бағдарламада қатысушылар арасында жұп болу керек па деп.
Бірақ Мәди бағдарлама ережесін кейін түсінгенін айтады. «Өмірде көп дүниеден сабақ алуыма осы жоба себепкер болды», - дейді өзі.
Мәди Рахымбай, «Бір болайықтың» бірінші маусым қатысушысы:
- Мен өзім бағдарламадан кеткеннен кейін, отбасы құрып, қазіргі таңда бір балам бар. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады екен. Өкінішке орай көңіліміз жараспай, 4 жылдан кейін екі жаққа кеткеніміз жөн болады деп шештік.
- Енді 6 маусымның жаңа қатысушысы – Мәди Рахымбай.
- Жоқ, жоқ ондай ой жоқ)
- Сен қатысушы болып келген маусымды еске түсірсек.
Сәкен Оспан, «Бір болайықтың» бірінші маусым қатысушысы:
- Біздің кезде өте қызық еді ғой. Студия да басқаша еді. Мына жақ кәдімгідей өзгеріп кеткен. Мына жақта саябағы бар. Бізде еш нәрсе жоқ еді.
- Қанша уақыт өтті сен қатысушы болғалы?
- 5 жыл өтті ғой ровно. 2017-де қатыстым мен.
- 5 жылдан бері әлі жұбыңды тапқан жоқсың?
- Тапқан жоқпын шыны керек. Бірақ өмірде таныстық. Қиын ғой қыз табу. Ойлайды ғой қыз табу оңай деп, шыны керек «Қалаулымнан» кейін, өмірде қыз табу өте қиын екен. Өйткені ата-анасы қарсы болады. Бұрын қатысқан жігіт деп. Ондай да оқиғалар болды ғой.
Ал «Атышулы Замира» атанған Замира Сұлтан болса керсінше, жобада ұзатылып өз бақытын тапқан қатысушылардың бірі.
- «Бір болайық» туралы жылы естелік айтып беріңізші?
Замира Сұлтан, «Бір болайықтың» бірінші маусым қатысушысы:
- Ең басында бізге деген айтқан: «Штраф каждый орысша сөзге» деп. Сол үшін каждый старался прямо қазақша сөйлеуге. Мен сол кезде бірінші сезоннан шыққан кезде айтқанмын: «Байға тимесем де, қазақшамды түзетіп кеттім» деп. Сосын қайтадан айналып келіп, 4-ші сезонда тұрмысқа шықтым. Ұзатты.
Жоба жайлы тәтті естеліктерімен Әлібек пен Камила да бөлісті. «Әр күн, бір шытырман оқиға еді»,-деген олардың жадында, мына бір жағдай қатты сақталыпты.
Камила Саянқызы, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі:
- Ең ерекше ол Әлібектің маған тұрмысқа шығуға сөз салуы. Сақина таққаны. Ютуб арнасында да ең көп қаралым жинаған. Қазіргі таңда 3 миллионнан асты иә? Бірінші орында тұрған видео сол.
Әлібек Боранбай, «Бір болайықтың» бірінші маусым қатысушысы:
- Бірінші маусымда біз ұйымшыл болдық қой. Біреу айырылысса кәдімгідей ақылымызды айтып. Енді білмеймін қазіргі маусымдар ұрыса береді, иә?
- Шаһ мырза, енді сіз «Бір болайық», «Қалаулым» болып тұрған кезден барсыз. Алғашқы эфир есіңізде ма?
Шаһ-Керім Кәрмен, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі:
- Әрине әлі есімде. Жалпы бұл жоба телевизия тарихында талай дүниелерді өзгертті ғой. 3 сағат тікелей эфир деген, 2017 жылы мүмкін емес дүние болып көрінетін. Оның үстіне «3 сағаттың ішінде не көрсетеміз? Не айтылады?» деген, бірақ уақыт өте келе 3 сағаттың өзі аз екендігін, қазір 4 сағатқа көшіп кәдімгідей.
Айдай Исаева, «Бір болайық» жобасының экс-жүргізушісі:
- Негізі «Бір болайықты» 6-7 айдай жүргіздім. Алғашқыда шыққан кезде, мен тележүргізуші ретінде ешқашан өзімді көрмеппін. Кастингке шақырды. Бірден өзімнің келісімімді бердім. Көрерменге де ұнады деп ойлаймын жүргізген кезім. Бірақ алғашқы шыққан кезде, мен өзімді көргім келмейді. Өйткені бірінші тікелей эфирге шығу, үлкен рейтингті шоу ғой. Маған да оңайға түскен жоқ.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Талай жүректерді жалғаған «Бір болайықтың» 1001 саны осымен тәмәм. Ал біз мерекені тойлатуға кеттік!