Raim қай әншімен бірге ортақ концерт бермек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- RaiM - жұмбақ әрі жабық әншілердің қатарында. Журналистерге де өзінің жеке өмірі мен шығармашылық жаңалықтарын өте сирек айтады. Бүгін бізге RaiM-мен сұхбаттасудың сәті түсті, ендеше кеттік.

- Райм, сәлем! Қалың қалай? Алматыға қош келдің! Көрерменге ескерте кетейін, RaiM Мирас Жүгінісовтың концертіне өнер көрсетуге келді.

- Айтпақшы, Мирас Жүгінісовпен фит жазуым мүмкін деген едіңдер, ол қашан шығады?

RaiM, әнші:

- Оның барлығы құпия ғой, біз ол туралы айтпаймыз.

- Концерттегі гонорарыңды айта аласың ба?

- Мен білмеймін қанша екенін, директорым біледі.

- Райдерің бар ма?

- Жоқ, әрине. Бізде райдер дегенде аса қатты мынандай нәрсе керек деп, гостиница мынандай болу керек деген ондай нәрсе жоқ.

- Соңғы шығарған «4 дөңгелек» ютубта 23 млн қаралым жинады. Бізге өткен жылы жаңа альбом шығады деп едің, шықпады, енді қашанға жоспарлап отырсың?

- Бұйыртса, болады. Біздің ДД рекордстағы негізі дәстүр бойынша, әр жыл сайын бір қорытынды жасап, альбом жасап тұрамыз, жазып тұрамыз. Соның нәтижесінде, бұйыртса, 2022-де шығуы керек, Алла қаласа.

Айдана Мәулен, журналист:

Раймның кез-келген жаңа әні ютубта, айтюнста жоғары көрсеткішке ие болады. Тыңдарманның сүйіктісі атанған әншінің әрбір трегін фанаттары жатқа біле ме екен? Өздерінен сұрап көрдік.

Бүгінгі концертте кімді тыңдау үшін келдің?

- Райм!

- Райм!

- Раймды!

- Раймның қай әнін жатқа білесің?

- Көлікпен по моему, Қолымызда тәтті латтемен...

- Латте!

- Аа, латте, да латте!

- Лайф.

- Көз қорқақ қол батыр.

- Айтып бересіз бе?

- Қолымызда тәтті латтемен, Серуендеп түнгі Алматымен, Сенің салған әнді ұнаттым мен, сені салған әнді ұнаттым мен.

- А-а-а

- Білетін бір әніңізді айтыңызшы?

- Адия, айтшы?! Көзім ілініп барады, туу айтпай-ақ қояйыншы...

- Бірге айтамыз, давайте.

- Бірге айтайық. Көзім ілініп барады, сені көргім кеп барады, аздаған сағаттар қалды, тыныш, тыныш. Көзім ілініп барады, сені көргім кеп барады...

Раймның тыңдарманы үшін жағымды жаңалық! Жақында әнші Айқын Төлепбергенмен бірігіп концерт өткізбек!

Айдана Мәулен, журналист:

- Айқынмен концерт өткізу кімнің идеясы?

RaiM, әнші:

- Ол ұсынысты қалай еді, Ақылбек деген «Бас продакшнның» продюсері сол кісі ұсыныс тастады. Айқынмен бірге 22-ші наурыз күні болатын концертке ұсыныс тастады. Сосын, сөйтіп келістік.

- Айқынмен коллаб шығуы мүмкін бе?

- Жоқ.

- Мүмкін емес иә? Жәй бірге достық, әріптестік...

- Кеш, концерт.

- Көбісі шетелге шығып жұмыс істеп көргісі келеді ғой, сізде ондай жоспар бар ма?

- Шетелде тұрып па? Жоқ, ондай жоспарда жоқ. Әзірге ешқандай шетелде деген сияқты. Алматының өзіне келіп жұмыс жасау ойда жоқ. Сол Оралымызда, өзіміздің студияда.

- Шет елдік қай әншілермен бірге коллаб жазар едің? Қазір мүмкін біреумен келіссөз жасап жатқан шығарсың?

- Әзірге фиттар жоқ. Бірақ болашақта әрине әрнәрсе болуы мүмкін, сондықтан да болып қалуы мүмкін. Ол әнге қарай байланысты болуы мүмкін.

- Соңғы рет Adil-мен коллабың 5 ай бұрын шықты. Жаңа ән қашан шығады?

- Бұйыртса шығады, жасап жатырмыз жәймен.

Айдана Мәулен, журналист:

Біз Раймнан «Жаңа ән, альбом, гастрольдік сапарлар мен концерттер, шет елдік әншілермен қызықты коллаборациялар күтеміз. Қалай боларын уақыт көресетеді. Ал, мен өз жұмысымды бітірдім. Ары қарай сүйкті әнімді тыңдап, көңіл көтеруге болады.