Сымбат Сағындық, тілші:
- Біз бүгін 5 жылдан бері ғашық жүректерді жалғап жүрген «Бір болайықтың» студиясындамыз. Негізі, 4 сағат эфирде көрерменді тапжылтпай ұстап отыру оңай емес. Ендеше, жобаның ішкі кухнясын көрсетейін. Бүгін гримеркаға, үміткерлер мен қатысушылар және жүргізушілер бөлмесіне, сосын эфир тарататын аппарат кабинетіне бас сұғатын боламыз.
Алғаш болып жобаның жүргізушісі және бас редакторы Шаһ-Керім Кәрменнің кабинетіне бас сұқтық. Шаһ эфирге қызу дайындалып жатыр екен. Десе де, жұмысындағы қауырт тіршілігі туралы айтып берді.
- Жүргізушілердің графигі қандай? Күн қалай басталады?
Шаһ-Керім Кәрмен, тележүргізуші:
- Сағат тоғыздан, қателеспесем, кешкі 7-ге дейін шығар, 8-ге дейін шығар. Тікелей эфирді дайындау білесіз ғой, жоспарлы жұмыс емес. Кішкентай өзгеріс бүкіл жоспарларды жоққа шығаруы мүмкін.
- Жобаның құрылғанына 5 жыл болыпты. Бірақ осы 5 жыл көлемінде «Бәрі ойдан құрастырылған, сценарий!» деген хейт көп болды. Бірақ қазір бәрі бәсеңсіген сияқты, қалай?
- Әуелі «Қалаулым» болып басталған кезде, «Қалаулым шынайы ма?» деген сұрақ менің ойымша гуглдағы ең жиі сұралатын сұрақтардың бірі болған сияқты. Жалпы, ондай статистика да бар Қазақстанда. Бір маусымда 7-8 той жасаған кезде кәдімгідей «Жоба шынайы екен» деп көрермендер түсінді.
- Жаңадан қатысушылар алып жатырсыздар ма? Кастинг жүріп жатыр ма?
- Бізде әр екі апта сайын жұма күні кастинг болады. Ол кастингте кәдімгідей жаңа-жаңа адамдарды қарастырамыз. Осы екі аптаның ішінде бізде 5-6 қатысушы ауысты.
- Үміткерлерді қайда сақтайсыздар? Сол қызық...
- О, үміткерлерді сақтау операциясы өте қиын. Өйткені, үміткерлер әртүрлі уақытта келіп жатады. Келердің алдында міндетті түрде редакторға хабарласады. Сосын редактор бүкіл қатысушыларды бөлмелерге қамайды. Көріп қоймасын алдын ала деп. Сосын үміткерлердің арнайы бір бөлмесі бар. Сол бөлмеге кіргізгеннен кейін, рациямен «Болды, қатысушылар шыға берсе болады» дейді. Сондай қызық дүниелер бар.
- Қазір барып көре аламыз ба?
- Әрине!
- Жүріңіздер, қазір камераны өшірмей барып көрсек...
- Мына жерде мейкап әрлеуі, шәй ішуі бәрі-бәрі жүзеге асырылады.
Жобаның екінші жүргізушісі - Камила Саянқызы. Эфирге өткен жылдың, тамыз айынан бастап шықты. Бастапқыда қобалжығанымен, қазір телевидениеге төселгенін айтады.
Камила Саянқызы, тележүргізуші:
- Басында көп қиындық болды. Өйткені, үйреншікті дүние болған жоқ мен үшін. Басында «Қазір не айтамын? Келесі сөзім не болады?» деп ойланып тұратынмын және қатысушылар сөйлеп жатса, олардың сөздерін жартылай естіп, жартылай естімей миымның ішінде соғыс болып жататын.
- Комментарийлерді оқып шықтым. Көбісі: «Камила сен қазақы келін едің. Образың не болып кеткен? Неге мынандай киіп алғансың?» деп жатыр. Оқыдың ба?
- Иә, оқимын, әрдайым оқимыз ғой ондайды. Негізі, тым ерсі киім кигізеді деп айта алмаймын. Мүмкін, тізенің үстінен қысқалық біреу үшін тым қысқа болып есептелетін шығар. Білмеймін. Енді образдарды барлығы тізеден төмен той көйлектерді көргенді ғана жақсы көреді де, той шаш үлгілерін... Бұйра-бұйра...
- Енді эфирде жүргеніңе жарты жылға жуықтап қалыпты. Көрерменнің «Любимчигі» болып кеткен қатысушы деп кімді айтар едің?
- Аружан деген қыз болды. Қазір жобадан шығып кетті. Білмеймін осы 5 жылдың ішінде көрерменнің назарын өте қатты өзіне тартқан, аулаған сол Аружан деп есептеймін.
- Көрерменге аса ұнамайтын, хейттің астында қалып қоя беретін қатысушы кім?
- Ол енді біздің Алтай аға. Негізі, өмірде өте жақсы кісі.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Ал дәл мына жерден «Бір болайық» тікелей эфирге шығады. Негізі, бұл жерге бөтен адамдарға кіруге болмайды. Бірақ біз рұқсат ала алдық.
- Сәлем, Венера!
- Сәлем!
- Сіздің мұндағы қызметіңіз қандай?
- Мен редактормын. Өте қызықты және жауапкершілігі мол жұмыстардың бірі.
- Негізі, «Бір болайықтағы» бір күнің қалай өтеді?
Мұса Бауыржанұлы, қатысушы:
-Таңертең осы жерден басталады барлығы. Бетімізді әрлейміз. Сосын киінеміз, шашымызды істейміз. Одан кейін эфирге. Эфирден түстен кейін шығамыз. Бір күннің 70 пайызы осы эфирде өтеді.
- Саған келетін үміткерлерге қандай талап қоясың?
- Қатып қалған талап жоқ. Егер де, ғашық болып жатсам, көп талаптарды ысырып тастауға болады. Өзім ауылдың жігіті болғаннан кейін, кішкене пысықтау, бәрібір де сырт келбетке қараймыз.
- Рақмет Мұса!
Өткен маусымда бақытын таппаған Ерасыл Жазықбаев, биыл да сәттілігін сынамақ болып, Аружан Балмұханбетова есімді қатысушыға үміткер болып келген. «Әзірге таныстық кезеңіндеміз», - дейді.
Ерасыл Жазықбаев, экс-қатысушы:
- Аружан өте сұлу қыз. Әлемдегі ең сұлу қыз деп айтсам да болады.
- Өткен жылы да тура осылай сұқбат берген маған
- Олай қадау жоқ
Сымбат Сағындық, тілші:
- Бүгін барынша «Бір болайықтың» ішкі тынысын көрсетуге тырыстым. Жобаның осы маусымда да көрерменге берері көп.