Шынында «Қызық премияның» символына айналып кеткен аталымдар қаншама?! «Халық әртісі» атанған және «Қазақстанның еңбек сіңірген плагиатщигін» алған орындаушыны 31 желтоқсан, сағат 23:00-де біле аласыздар. Толығырақ Сымбат Сағындық айтып берсін.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Жазылмаған дәстүрге айналған, көп көрерменді теледидар алдына жинайтын бірден бір жоба «Қызық премия» жаңа жылдық түсірілімдеріне кірісіп кетті! Биылғы бағдарлама несімен ерекшеленбек?
11 премия, 100-ге тарта танымал тұлғалар. Зал тола жұлдыздар... Бұл Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің жаңа жыл алдындағы қарбалас, қауырт түсірілім тіршілігі.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Бұл енді өзіміздің «Қызық лайф» бағдарламасының қорытынды премиясы десек те болады.
- Биылғы премиялардың ішінде ең ерекше, екеуін атап өтсеңіз? Менің ойымша сериалдарға қатысты дүние иә?
Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:
– Сериалдарға қатысты және әдетке айналған, дәстүрлі «Жыл плагиаты» номинациясы ерекше болады.
Расымен «Жыл плагиатын» тағатсыздана тосатындар қаншама?! Ал оларды әшкерелеуден жалықпайтын – Серік Ибрагимов. Бастапқыда кімнің номинат екенін қипақтап, айтқысы келмеді. Өнер өкілінің қылығы, кейін түсінікті болды. Ибрагимов «Қазақстанның еңбек сіңірген плагиатщигі» атанды.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Көңіл-күйің қалай?
Көңіл-күй керемет! Себебі Құдайға шүкір биыл багаж ондай көп емес болса да, біраз жерден таптық. Біразының артын ашуға дайынбыз.
«Қызық премияның» жылдағы дәстүрлі қонақтарының бірі – Райм. Көңіл күйің қалай?
Жақсы, өте керемет.
Иә, керемет болатынындай бар. Себебі Райм төртінші жыл қатарынан жүлделі. Оған «Жыл альбомы» номинациясы берілді. Тізімде орындаушының өзі ғана болды.
Райм, әнші:
Өткен жылы қандай премия алдың?
Өткен жылы «Красавчики» деген премия болды. Одан бұрын «Хит года», «Көп просмотр жинаған клип» солай болды.
Ал кештің көркін әкелі-балалы, өнерлі отбасы – Әбунасыр Серіков пен Әбілмансұр Серіков келтірді. Мансұр түскен «5:32» туындысы «Жылдың үздік сериалы» атанды. Шара барысында, әртістер жанұясының әзілдері жарасты.
Әбілмансұр Серіков, актер:
– Бұл негізі братишка ғой. Осылай ертіп жүремін. Маған еркелейді.
Әбунасыр Серіков, актер:
- Братаным алып келді «Қызық премия бар» деп. Соған келдім.
Кеш барысында: «Үздік үш әріп», «Үздік тикток хаус», «Жыл адамы», «Жыл спортшысы» сынды номинациялар болды. Ал оларды кімнің иеленгенін жаңа жыл түні біле аласыздар.