«Шектеу қойды!» Элизат Берікова күйеуімен ажырасуының басты себебін дәл осылай түсіндіреді. «5 жыл отбасылық өмірде, жарымның айтқанынанан шықпадым», - деген өнер иесі шығармашлығынан сол үшін де қол үзген еді.
Элизат Берікова, әнші, актриса:
- Негізі қатты ренжідім олай болмайды, ол білді менің басында қандай екенімді, сол мен творчествалық адаммын ғой, мен өлең айтпасам, әдемі болып ең құрмағанда үйстіп үйде мен әрқашан да сондай болып жүремін шашымды жасап, боянып. Сол нәрселерге маған шектеу қойып қойды да, көп нәрсеге шектеу қойды.
Шоу-бизнестің ең әдемі жұлдызды жұбы саналған Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбек те биыл екі жаққа кеткенін мәлімдеді. Кино арқылы жүрек табыстырған қос ғашық кино үшін ажырасты. Жарқынайдың айтуынша, оған қызғаныш себеп болған. Бірақ, бүгінде олар заңды түрде ажыраспаған.
Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:
- Бұл тақырып қазірше белгісіз. Өздеріңіз-ақ байқайсыздар ғой. Инстаграмнан-ақ көріп отырсыздар ғой. Сондықтан бұл қазірше белгісіз тақырып. Қалай болатыны енді Алланың жоспарында ғой. Қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді. Сондықтан қазір енді уақыттың еншісінде. Қазір бүкіл назарымды өнеріме, қызыма, бизнесіме арнап жатырмын.
Бір жыл бойы жұрт назарынан түспеген Ерке Есмахан мен Эйзи де таяуда ғана қарым-қатынастарын үзді. «Бұл менің шешімім», - деген Ерке, неліктен ажырасқанын әзірге айтуға құлықсыз. Еске салсақ, атышулы жұп кезінде тіпті талай хейттің астында қалған еді.
Ерке Есмахан, әнші:
- Фанаттардың біраз айтқаны, жазғаны, мен оқыдым. Сол кезде Азаматқа айтам, Азамат, неге бұлай болып жатыр, мен еш жамандық істеген жоқпын ғой. Қалай күрессем болады деп ше. Енді қалай түсіндірсем болады деп. Азаматтың айтқаны, ешқандай ештемеде түсіндіруге сен міндетті емессің. Сен менің қасымдасың, екеуіміз біргеміз.
2021-ші жылы сондай-ақ, ажырасқандар тізімінде Шәріп Серік пен Сэй Мо, Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова да бар.