«Өнер мен үшін өмір!» Бұл күні кеше «Құрмет» орденімен марапатталған Азамат Сатыбалдының инстаграмға жазған алғысы. Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін өнер иесіне арнайы медаль тағылды. Азамат сынды «Құрмет» ордені сондай-ақ, Айжан Нұрмағамбетова, Құдайберген Бекіш пен Зарина Алтынбаеваға да бұйырды.
Төсбелгі тақпаса да, Мемлекет басшысынан құрмет грамотасына ие болғандар да бар. Соның бірі - Анатолий Цой. Ресейден арнайы келген музыкант, мұндай жетістікке жету бұрыннан келе жатқан арманы екенін айтады.
Таяуда ғана актер Төлепберген Байсақалов шетелдік кинобәйгелерде үздік атағаны үшін «ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінен» алғыс хат алған-ды. Өнер иесі медаль алып үлгермесе де, есімі ескерілгеніне риза болғанын айтады.
Төлепберген Байсақалов, актер:
– Шынымды айту керек күткен жоқпын. Неожиданно было для меня, кстати огромное спасибо... Күтпеген марапат болды мен үшін. Айта кетейтін бүгін мені «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі» алғыс хат беріп жатыр, алғыс айтқым келеді.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік марапаттың талайын алған Еркебұлан Дайыров, әріптестерінің еңбегі бағаланғаны дұрыс деп отыр. Себебі, қарапайым алғысхат өнер иесіне үлкен мотивация.
Еркебұлан Дайыров, актер:
– Менің қолымда болса, бәріне берер едім. Бәріне бере саламын, өйткені бәрінің еңбегі. Бұл кино деген оңай сала емес, бәрі біледі, қиын шаруа, сондықтан әрбір еңбек еткен азаматтарға өзінің еңбек ақысынан бөлек, бір марапаттап еңсесін көтеріп қоюға болады.
Алайда, жұлдыздардың дәл осылай мәртебелі марапатқа ие болуын, теріс түсініп жататындар да бар. Мәселен, 2019-шы жылы «Құрмет» орденіне ие болған Гүлнұр Оразымбетова хейттің астында қалған да еді.
Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
– Көпшілігі ойлауы мүмкін жап-жас болып алып қалай сіз алып жатырсыз деп. Мен жас емеспін. Менің сахнада жүргеніме 25 жыл болса, демек менің жасым қырықтан асты деген сөз. Сондықтан да қырық жастан асып, осындай құрмет орденіне ие болу дұрыс дүние деп ойлаймын.
«ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атанған Тамара Асар да, Оразымбетовамен толықтай келіседі. Әріптестерінің қуанышына ортақтасқан өнер иесі, еңбек бағаланып жатса, одан еш әбестік көрмейді.
Тамара Асар , ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Бірақ мен үшін өз уақытымен сияқты, мен сезініп алдым, қуанышпен алдым. Ешкімнен артық кеттім-ау деген бір кірбің болған жоқ. Ешқандай күмән болған жоқ.