Жаңа әндерімен қоса, ескі хиттері де әлі күнге дейін трендтен түспейтін Айқын Төлепбергеннің кешінде зал лық толы болды. Әнші дәл осындай лайф форматта концерт беруге әрқашан дайын екенін айтады.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Енді үлкен концерттер жабық кезде, осындай-осындай кішкентай кафелерде концерт берген өте бір, өзіңе де жақсы. Біз мысалы тойға гонорарды үлкен қылып айтамыз. Мынандай концертке келгенде біз екі есе қысқартамыз гонорарды. Себебі, бізге өзімізге осындай концертте жұмыс істеген ұнайды.
Төлепберген, карантин жеңілдетілгелі бері, соңғы бірнеше ай бойы тынымсыз еңбек еткен көрінеді. Сондықтан да әнші: «Өнер адамдарына ауыруыға болмайды», - дейді.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Біз гриппқа қараймыз, температура 38-39 C болса да, біз уколымызды саламыз да, сахнаға шығып кетеміз. Концерт бере береміз, мысалы жақында Түркістан қаласында концерт бердім, сол кезде де температура болып тұрды, уколды салдық та, парацетамолды іштік те, сахнаға шығып кеттік.
Айқын үшін осы жыл талай шектеулерге қарамастан жемісті болған екен. Өнер иесі кинопродюсер атанып, өзінің фильмін таспалап, талай хит шығарды. Ал оның жаңа жылға дейін әр сағаты тығыз кестеге түзулі.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Менде 16-сынан бастап, 31-іне дейін почти күнде почти, күнде расписан. Арасында 1-2 күн демалып қаласың, 1 күн демалып қаласың. Биыл енді жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр.
Сондай-ақ, бүгінде үй салып жатқан Айқын, жаңа жылдан кейін отбасымен АҚШ-қа демалысқа аттанбақ. Төлепберген туған күнін шетелде атап өтуге ниетті.