Құралай Анарбекова көмек сұраған жандарға жәрдем беруден неге бас тартады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайырымдылық шарасына жиналған медиа тұлғалардың бұл кешке барынша дайындалғаны байқалады. Арнайы дресс-кодты ұстанған танымалдар әсем образдарымен папарации алдында бой түзеді. Ал балдың жүргізушісі атанған Нұрлан Сабуров әзіл айтып, келген қонақтардың көңілін көтеруге тырысты.

Ауқымды балда шоу-бизнес өкілдері де көп болды! Олардың ішінде Құралай Анарбекова, Жәмилия Серкебаева, Әсел Сағатова, Бейбіт Әлібеков және ННН арнайы шақыртумен келген екен.

«Қолдан келсе, көмек көрсеткен дұрыс», - дейді Құралай Анарбекова. Алайда, кинопродюсер қайырымдылық жасамас бұрын, әбден тексеріп алу керек екенін айтады. Оның ойынша, жәрдем сұраушылар арасында аляқтар болуы да мүмкін.

Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:

– Мен былай жазғандарға көмектеспеймін. Өйткені енді оны тексеріп, білу керек ең бастысы. Сондықтан да, онсызда өзіміздің көзіміз жетіп жүрген жақындарымыз да бар, көмек сұрайтын. Егер мүмкіндігіміз болса әрине көмектесеміз. Бірақ та интернеттен келген хаттарға мен көңіл аудармаймын. Енді көп келеді күніне деген.

Кеште өнер көрсеткен Жәмилия Серкебаева: «Қайырымдылық жасағаныңды жұртқа жария етпеу керек», - деген ұстанымда. Мәселен скрипкашы талай уақыттан бері жетімдер үйіне қолдау көрсетіп келген.

Жәмилия Серкебаева, скрипкашы:

– Мысалы мен номер бірінші балалар үйіне жиі көмектесіп тұрамын. Балалармен бірге ойын да ойнап уақыт өткіземін. Оның бәрін жария ете бермеймін. Себебі ол менің өзім үшін маңызды. Қолымнан келгенше сыйлықтар мен қаржылай жәрдем беремін.

Бейбіт Әлібеков болса, инстаграмдағы оқырмандарымен бірігіп игі істерімен айналысып жүр. Блогер тіпті өзінің туған күнін атап өтудің орнына, жақындарынан сыйлықты қаржылай алып, оны қайырымдылыққа берген.

Бейбіт Әлібеков, блогер, журналист:

– Мен өзімнің туған күнімнің құрметіне қайырымдылық жасадым. ОЛ мен үшін ең керемет сыйлық болды. Жақындарыңнан бағалы заттар алғанша, сол ақшаны мұқтаж жандарға беруді жөн көрдім. Мәселен, соңғы жасаған қайырылымдылықта біз 10 млн теңге жинадық. Ол балаларға арналған жедел жәрдем көліктеріне кетеді.

Ауқымды желі жұлдызы ННН болса, жасаған жақсылығыңды жариялап, халық алдында есеп беру маңызды дейді. Ал өз қалтасынан шығарған сомманы блогер құпия ұстайды.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– Негізі мен осы соңғы 2022 де ең көп қайырымдылық рекорд жасағым келіп жүр. Мен именно жеке жасағанымды көрсеткім келмейді, өйткені как будто мақтанып жатқан сияқты боламын. Халықпен жасағанда әрдайым көрсетіп жүремін. Жақында өзім жеке бизнесімді аштым. Полный өзімнің долямды қайырымдылыққа кетеді. Олай ешкім істеген жоқ әлі. ННН мұндай идеяның өзге әріптестеріне үлгі боларына сенімді.