Бұл қойылым кішкентай көрерменнің назарына «Тарих», «Космос», «Экология», тіпті «Пандемия» тақырыптарын қамтитын оқиғаларды ұсынды. Спектаклдің сюжеті бойынша «Нарату» әлемді қорғап қалушы батыр. Жеңіске виртуалды көмекшісі Айко мен досы Санжармен бірге жетеді.
Еслям Нұртазин, қоюшы режиссер:
– Енді биылғы жылдың өзінде де қаншама осыған бір кішігірім бір өзі бір нұсқаулар болды. Неге дейсіздер ғой, өйткені қаншама балалар жаңағы «Space X»-ке барғандар бар, космоспен де жұмыс жасағандар бар. Осындай біздің жас таланттарымыз болашақта әлемдік деңгейде өздерінің үлкен бір үлесін қосады ау бір үлкен үміттеміз.
Басты кейіпкерге ерекше есім беру ұзақ ізденісті талап еткен екен. Режиссер «Нарату» атының ойдан құрастырылмағанын, тарихта осындай ұлы тұлға болғанын хабарлады.
Еслям Нұртазин, қоюшы режиссер:
– «Нарату» бұл «Наруто» емес, ол «Нарату» ол біздің өзіміздің осындай үлкен-үлкен батырларымыз болған. Және де бар да, болады да деген ниетпен жасалынған. Сырым Датұлының қасында жүрген үлкен батырдың есімі.
Спектаклдің тағы бір ерекшелігі алдымен актерлер таңдалған, сосын пьеса жазылған. Яғни, ешқандай кастинг жүргізілмеген. Басты кейіпкер Наратуды сомдау бақыты жас әртіс - Энис Алишерге бұйырған екен.
Энис Алишер, актер:
– Бұл менің басты рөлдегі дебютім! Сезімім керемет. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Дайындық барысында маған кейіпкерімнің мінезін қабылдауым қиынға соқты. Себебі менің натурам Санжиктікіндей. Ал, бұл образ бастапқыда өз-өзіне сенімсіз болады да, соңында нағыз батырға айналады.
Еске салсақ, бұл қойылым Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының атынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған тартуы.