Қалаубаева түрлі әлеуметтік желіден, өзінің әндерін жиі естиді екен. «Бұл қуантарлық жағдай. Ескіні жаңғыртқан жақсы ғой»,-деген ол, тіпті жастармен трек жазуға да қарсы емес.
Әйгерім Қалаубаев, әнші:
– Тиктокта көріп жүрмін әндерімді. Енді былай қарасаңыз, менің біраз әндерім 20 жыл бұрын, 15 жыл бұрын шыққан әндерім бар екен. «Ертегілер», «Жылайды жапырақ». Соған қарап, жасыңды айтуға да ұяласың. Бірақ әрине, тикток қазір тренд. Шығып жатса, нұр үстіне нұр ғой.
Жеңіс Ысқақова да жастармен коллаб жасағанды жақсы көретінін айтады. Әндерінің жаңаша өңде орындалып жүргеніне де қарсылығы жоқ екен.
Жеңіс Ысқақова, әнші:
– Балалар менің бұрынғы Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған, Жанболат Кенжекеевтің «Мен білмеймін» деген әнін орындап шыққан екен. Содан кейін менен рұқсат сұрады: «Айтсақ бола ма?» деп. Мен айта беріңіз дедім. Ақын, композитор әнді шығарғанда, бір әнші үшін шығармайды. Халық үшін шығарады.
Ал Гүлнұр Оразымбетова керісінше, әндерінің түпнұсқада таралғанын құп көреді. Бірақ әншінің бірнеше трегі, тиктокта трендке ілігіп кетіпті.
Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
– Тикток жастардың жұмысы. Сондықтан оған қатты бір қызығушылығым да, соның жолына түсіп кету ондай жоқ менде. Жақында дуэт жазылады бір әншімен. Әзірге құпия. Өзімнің жаңа бір әнім шығады.