Алматыдағы «АсАбАлАр» театры француз педагогі, психиканы зерттеуші Аллан Кардектің образын сахнаға әкелген. Сюжет желісі бойынша Маэстро кейіпкерлерді спиритикалық «Сеанс»-қа қатыстырады. Олар рөлге ену арқылы екінші жұмбақ әлем туралы сөз қозғасы келген екен.
Апаллон Карчинский, актер:
– Пандемия өмір мен өлім мәселесін көтерді. Сондай-ақ, ол қаншама жеңіл ақшаға кенелгісі келетін алаяқтарды да көрсетті. Бүгін көрген «Жындар» мүмкін шынымен де бар шығар, немесе ол тек түпсананың елесі. Қойылымды көрген көрермен өзі баға береді.
Театр режиссерін мұндай спекакльді қоюға қазіргі адамдардың балгер, таролог, астролог, нумеролог қызметіне қызығатын мәселесі түрткі болған екен.
Артур Асланян, режиссер:
– Соңғы кездері тиктокта рекке солардың видеолары жиі түсетін болды. Бұл неліктен деп ойладым. Мүмкін пандемияға байланысты бұл тақырып өзекті болып кеткен шығар. Адам түсінуі керек өзінен басқа оған ешкім көмектеспейді. Біз қойылым арқылы соны көрсетуге тырыстық.
«Сеанс» спектаклін қою үшін «АсАбАлАр» театры қыркүйек айында кастинг жариялаған. Іріктеуге 150-ге тарта түрлі маман өтінім берген. Соңында рөлге бекітілген әуесқой актерлар өз қалталарынан ақша шығарып, осы қойылымның ойдағыдай өтуіне ат салысқан.
Артур Асланян, режиссер:
– Бізде продюсерлік әркімнің өз есебінен. Біздің театрдың айта кетер бір тұсы, біз қаржыны өзіміз құямыз. Яғни арнайы жарна бар. Бұл қойылымға ақшаны әдеттегіден көп мөлшерде жинадық. 2 ай көлемінде бәріміз 100 мың теңге төледік. Соның арқасында мына зал мен жарықтарды, техниканы жалға алдық.
Еске салсақ, «АсАбАлАр» театры 2016 жылдың желтоқсанында құрылып, биыл мерейлі бесінші маусымын тойлауда.