Әли Оқаповтың жаңа жылға қойған жоспары көп. Ол алдағы уақытта анасы Роза Рымбаеваның жеке кешін өткізбек. Тіпті, кино түсіру жұмыстары туралы да көп ойланып жүргендігін айтады. Әнші коронавирустың жаңа түрі ойға алған мақсаттарының күл-талқанын шығаратынын жақсы түсінеді.
Әли Оқапов, әнші:
– Енді-енді жеңіп келе жатып, енді-енді осы індет бітейін деп қалған кезде тіпті жаңа жылдың қарсаңында осындай жаңалықты оқу ол бір түрлі. Бірақ бізде тәжірибе бар. Алғашқы рет емес. Тіпті түбегейлі 100 пайызды локдаун болса да оның да не екендігін білеміз. Сондықтан психологиялық тұрғыда дайынбыз.
Кино саласында талай жылдық тәжірбиесі бар Жан Байжанбаев болса, карантин кезінде түсірлімдерден қол үзбеген. Алайда актер, жұмыс немесе жоспар емес, денсаулықтың бірінші орында екенін алға тартады.
Жан Байжанбаев, актер:
– Қорқынышқа бой алдырмаңыздар. Мұнымен тек өмір сүру керек, соны түсіну керек. Себебі бұл шынайы өмір, одан қашып құтыла алмайсың. Өкінішке қарай бәрі біз ойлғаннан да қиын болды. Осы 2 жыл ішінде өте көп адам өмірден кетті. Оның ішінде қаншама талантты әріптестерім де бар.
Еске салсақ, "Омикрон" штамының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан Египетпен әуе қатынасын уақытша тоқтатты. Блогер Баха пупер қысқы демалысын дәл осы Мысыр елінде өткізуді жоспарлаған екен.
Baha Puper, блогер:
– Негізі пландап отырғанмын өзім. Осы жақында бір жерге барып демалып ыстық жаққа. Бірақ чета мына жаңалықтарды көріп күннен күнге оқыған сайын қорқыныш бар. Осы жақында ғана ауырып шыққанан кейін қорқады екенсің өз денсаулығыңа.
Елдегі ахуал түзеліп, карантин талаптары жеңілдетіле сала, отандық жұлдыздар жоспарларын тізіп қойғаны белгілі. Мәселен, «Ninety one» тобы мен «Орда» бірігіп 26-27 желтоқсан күндері концерт өткізуі тиіс еді. Тіпті, кешке билеттер толық сатылып кеткен.
Ал, Нұрлан Қоянбаев көрермен көптен күткен «Бизнес по-казахски в Турции» картинасының премьерасын 30 желтоқсанға қойып отыр. Одан бөлек «Маша и Дудар-ай», «С новым годом девчонки» комедиялары да жарыққа шығуы тиіс. Алайда әлемдік ахуал өнер өкілдерінің жоспарына қалай әсер етері белгісіз.