Жоба Youtube платформасындағы «Jauhar live» каналында кеңінен дәріптелмек. Одан бөлек, жоғары сапалы дыбыс пен видеоконтент те көрерменге ұсынылады. Жыл аяғына дейін барлық стримингтерде 10 музыкалық альбом жарияланып, тегін тыңдау мүмкіндігі қоса беріледі.
Мақпал Жұмабай, «Jauhar» жобасының негізін қалаушы:
– Біз шығармашылық тобымызбен, үлкен командамызбен ақылдасып, осындай жобаны бірнеше жыл бойы жоспар еттік. Биыл соны жүзеге асырудың реті келді. Енді біз осы екпінмен, Қазақстанның жыршылық, күйшілік мектептерінің бәрін қамтимыз деген ойымыз бар.
Осындай ауқымды жобаны ұйымдастыруға атсалысқандардың тағы бірі – Тоғжан Құрманжанова. Бағдарлама дәстүрлі әннен бөлек, әншілерді де дәріптейді екен. «Күннен-күнге жалғасатын терме-жырларды телевизиялық форматқа ықшамдадық», - дейді Тоғжан.
Тоғжан Құрманжанова, жоба ұйымдастырушысы:
– Ұлттық өнердің құндылығы енді дәстүрлі ән-күй, дәстүрлі музыка екенін. Осы «Жауһар» жобасына осы медиа мүмкіндіктердің бәрін пайдалануға тырыстық. Бізге дайындық жұмысына 1-3 ай. Біз алдын ала тізімдедік.
Кеш кезінде Сүйінбай Аронұлының «Ақыл-нақыл» термесін орындап, отырған жұртты сүйсіндіргендердің бірі – әнші Назарбек. «Ұсыныс түскеннен, ойланбастан келісім бердім. Бұндай жобалар қолдау табуы керек», - дейді ол.
Nazzarbek, әнші:
– Бұндай жоба, алғашқы жоба деп айтуға болатын сияқты. Бұл бізге жалпы біздің халыққа, біздің қоғамға өте керек жоба деп ойлаймын. Бұндай жоба жасау қазіргі заманда қазіргі уақытта өте қиын. Бұл «Жауһар» деген ұлттық құндылық.