Азат Жұмаділдің танымалдылығы «SHEKER» веб-хикаясынан кейін күрт артты. Тіпті, келер жылы сериалдың үшінші маусымы түсіріледі деп жоспарлануда. Әрине, басты рөлді Азаттың өзі сомдайды. Бүгінде туындының бірінші бөлімі ютубта 6 млн-ға жуық қаралым жинап, кино саласындағы үздік марапаттарды еншілеп жатыр.
Азат Жұмаділ, актер:
- Пусаннан алды «Лучший веб сериал»-ды алды. Самый лучший Азиатский веб-сериал. Өте жақсы сезімдеміз. Бұйырса жалғасын табады деп жоспарда бар жалғасы. Келесі жылы 2022 де. Сценарий ештеңе жазылмаған, тек қана жоспарда бар.
Естеріңізде болса осыдан 2 жыл бұрын Азат «Zyan» нигімен «Бұйра» тобының мембері болған еді. Бірақ дуэттің сахнадағы ғұмыры ұзаққа созылмады. Қазір Жұмаділ-тегі әншілікті түбегейлі қойып, тек актерлік бағытты алып жүрмек екен.
Азат Жұмаділ, актер:
- Мен бұған дейін актер болғанмын. Кішкентай кезімде өлең айтқанмын. Сосын актер болып жүргенде маған бір ұсыныс түсті. Мен көрейін дедім көрдім. Өзіме ұнамады. Не получилось даже. Содан кейін ол нәрсені қайтадан қозғамаймын.
Сондай-ақ, Азатты енді тек веб-сериалдан ғана емес, үлкен экрандардан да көре аласыз. Еске салсақ, актердің кино әлеміндегі алғашқы рөлі «Шлагбаум» туындысынан басталған болатын. Бүгінде режиссерлар оған толықметрлік картиналарға түсуге жиі ұсыныс білдіреді екен.
Азат Жұмаділ, актер:
- Осы жазда түстім даже, менің вообще 2012 жылы киноға түсіп бастағалы алғашқы қадамым полный метрден басталған.