Бірнеше жыл бойы ауқымды концертте бас қоспаған әртістер үшін музыкалық фестиваль көптен күткен шараға айналды. Сондықтан да, өнерпаздар бұл концертке әбден дайындалған.
Музыкалық фестивальдің сахнасынан трендтен түспей жүрген Шиза мен Еңлік те табылды. Сұранысқа ие болған рэп орындаушылар концертке арнайы шақыртумен келген.
Yenlik, рэп орындаушы:
- Қазір енді көпшілікке танылып жатқанымен, әлі көпшілік біле бермейтін көп рэпер қыздар бар. Оларды сіздер алдағы уақытта біле жатарсыздар. Мен өзімді жалғыз қыз рэпер деп санамаймын. Себебі олар өте көп, тек көпшілікке танылып жатқан осы, уақыты мүмкін келмей жатыр.
Алайда, Еңлік емес, бұл кеште өнер көрсеткен Бона, Кисло-Сладкий, Нурик Смит бастаған рэперлер көпке дейін талқыдан түспесі анық. Музыканттар киімдерін шешіп, сахнада ән салды.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Сахнада өнер көрсету біздің өмірлік ұстанымымыз. Себебі өзіңнің жан дүниеңе ұнайтын жұмыс болғандықтан, ешқандай талаптарға қарамастан барлық ұсынысқа келісесің.
Ал фестивальдің жүргізушілік тізгіні Айжан Байзақова сеніп тапсырылған болатын. Атышулы блогер сахнада музыкантармен билеп көрерменнің көңілін өзіне аудартуға тырысты.
Darkhan Juzz, музыкант:
- Жақсы өтті, жаңа ғана бір бес он минут бұрын, күшті. Адам былай айтарлықтай прям көп болған жоқ. Карантиннің кесірінен ғой деймін. 30 процент қана болды ма, сол жағы болмаса мен ол жерін оқымаппын, что зеленыймен, зеленый доступпен келеді екен.
Асха Принц болса: «Жеке ән кешімді бергендей болдым», - дейді. 91 тобымен кештің көркін қыздырған ол, алдағы уақытта өнердегі әріптестерімен коллоборация орнататып қалуы әбден мүмкін екен.
V $ X V Prince, рэпер:
- Көп жаңалық бар, қазір айта берсем, просто оны істеу керек потом, өз-өзі шығады ғой. Көп зат болады, көп фит болады, көп клип болады. Мен ертең Москваға кетіп бара жатырмын, Құдай қаласа, и там будем.
Ал фестивальдің хедлайнері ресейлік рэпер Soda Luv атанды. Еске салсақ, музыкант Джиган, Егор Кридпен дуэттері арқылы ТМД-ға танымал.