Брендтің аты – бренд! Дәл осылай деген – Жарқынай Ханайым соңғы кезде, сәнді киінуге құмартып жүргенін жасырмайды. «Бұрын шоурумдардан ала салатынмын. Соңғы кезде орта өзгертіп, жаңа табысқа шығып басқаша ойлай бастадым», - дейді.
Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:
– Қазір енді өзім бизнеспен айналысып, өте керемет табысты әйелдердің ортасында брендтің мүмкіндігін, бренд киімдердің соншама әдемі көрінетініне көзім жетіп келе жатыр. Бірақ осыған дейін ешқашан ақшаға, айфонға қызыққан емеспін.
Соңғы үлгіде киінуді ұнататын блогер Мерей Абилова болса, қаражатын көбіне аксессуарларға жұмсайтын көрінеді. «Дүкенге бір кіргенде жарты миллиондай жұмсап тастаймын. Тіпті 300 мыңға сағат алған кезім болды»,-дейді өзі.
Мерей Абилова, блогер:
– Мен анандай прямо брендтерден киінемін деп айта алмаймын. Гуччи деген... Өзім оған қызықпаймын, оған әлі жетпедім де. Маған не әдемі, даже бағасына да қарамаймын. Не әдемі, не стильно болып тұр, не удобно болып тұр соны аламын.
Ал Тәуекел Мүсілімнің киімге келгенде талғамы бөлек. «Шетелдік брендтер ұнайды. Шыны керек бағаға аса мән бермейді екенмін», - дейді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Киімге келетін болсақ, әрине сапалы киінгенді қалаймын, жаңағы үйлесімді болғанын қалаймын. Көбінесе мен шетелде, шетел болған кезде шетелден киінемін. Бір сезонға, екі сезонға алып келемін өзіммен. Сол себепті Қазақстанда көбінесе киім алмаймын.