Тиктокта Мирас Жүгінсовтың әр трегіне кем дегенде 10 000 тіркелуші видео таспалайды. Жас музыкант лирикалық туындыларын фолловерлерімен бірге шырқап, көптің көңілін табуда.
Мирас Жүгінісов, әнші:
- Енді қазір заманның ағымы артынан қуу дегенді көбісі жақтырмайды. Бірақ та біз заманның артынан қатты қумасаң да, бірақ тикток қазір шығып жатыр ғой ол сенің творчествоңа үлкен көмек береді де салған дұрыс деп ойлаймын.
Райм болса, ойламаған жерден тиктоктың трендіне іліккен еді. Еске салсақ, оның «Двигаться» трегіне ресейлік блогер Давид Манукян видео таспалап, әнді ТМД-ға танытты.
RaiM & Artur:
- Тиктоктың өзі бір лотерея ғой. Әрбір видео, әрбір өлеңің хит бола салмайды. Ол деген қазір, қалай айтсам болады екен. Ол баққа қарайды ғой, видеоға қарайды да. Ол мықты бір трек болып кейде хит болмау қалуы мүмкін да. Сондықтан тик-токта әртүрлі.
Десе де, әншілердің жаппай тиктокер атануын Эйзи құп көрмейді. Таяуда ғана жеке шығармашылығын қолға алған Азамат, су жаңа трегін жарнамалау үшін де аталмыш желіні қолданбайтынын айтты.
A.Z, рэпер:
- Менің айтқым келгені, тиктокерлер бар бізде, өте күшті түсіретін, тиктокерлер тикток түсірсін. Мен музыкантпын, мен музыкамды жазайын, клипімді түсірейін, шығарайын, әр адам өзінің жұмысын жасасын.
Шоу-бизнес өкілдері тикток шығармашылықты жарнамалаумен қатар, қомақты табыс әкелетінін де жақсы түсінеді. Сондықтан соңғы кездері әншілер желі жұлдыздарына бәсекелес атанып жүр.
Ал тикток хаус мүшелері жарнамадан айына кем дегенде 1 млн теңге пайда табады екен.
«Cool Qazaqs» тикток хаус мүшелері:
- Ең үлкені миллион! Жеке-жеке как минимум рекламалар 200 мың, 150 мың, 300 мың. Ең көбі сол 300 мың болған шығар. Определенный прайс бар, видеоға да байланысты ғой. Қандай видео керек, креативті вообщем видеоға байланысты.