Айжан Байзақова бұдан-былай блогер ғана емес, «таргеттің» қыр-сырын үйрететін маман атанбақ. Ал оның сабағына қатысқандар желіде аудитория таңдап, дұрыс жарнама жасауды меңгеріп шығады. Байзақова бұл қадамға қалтаны қалыңдату қажеттілігінен барғанын жасырмайды.
Айжан Байзақова, блогер:
– Негізінде бұл өте пайдалы дүние. Ең алдымен адам жаңа нәрсе үйренеді. Қазір интернет арқылы пайда табуға болатын уақыт және үлкен мүмкіндік. Мен мұнда тұрған жаман ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Ал желі жұлдызы «ННН» қаншама гив өткізсе де, әлі бір де бір курс жасамаған екен. «Бірақ, таныстарымның көбі онлайн сабақ беріп, табысқа кенеліп отырғанын көріп жүрмін», - дейді. Дегенмен, блогер әріптестерін бұл істе мұқият болуға шақырады.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Мен ешқандай курсын алмағанмын, бармағанмын да. Негізі пайдалы курс болса жақсы ғой. Ал, былай негізі халықтан ақша алғанан кейін жауапкершілігі өте мол да. Жауапкершілігі мол болғандықтан барынша мұқият болу керек деп ойлаймын. Гивтен қарағанда өте қатты мұқият болу керек деп ойлаймын.
Кейде танымаларға фанаттардың өзі: «Курс өткізбейсіз бе?», - деп қолқа салады екен. Мәселен, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова: «сабағыңыз болса, қатысуға құлықтылар көп», - дегенді жиі естиді екен.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
– Негізі көпшілік сұраған. Мен кейде кетіп бара жатсам, 2-3 әйел артымнан келіп, сіздің сабағыңыз болса, біз қатысатын едік деп жатады негізі. Бірақ ойлап қарасам, өте көп болып кетті да. Сол үшін біреудікін қайталағым келмейді шынын айтқанда.
Ал онлайн курс сатып, сабақтарын өткізуге әуес әртістердің қатарында: Әсел Асқар, Айнұр Тұрсынбаева, Айжұлдыз Адайбековалар бар.