Шоу-бизнестің «лирик әншісі» атанған Мирас Жүгінісов су жаңа клипінде өзін басқа қырынан көрсетпек. Тіпті, продюсері екеуінің ойында жастардың рухын көтеріп, мотивация беретін бір туынды таспалау бұрыннан бері жүрген екен. Сәйкесінше, бейнебаян жеке адамның тұлғалық дамуын тілге тиек етеді.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– «Бұл өмірде бәріне шыда» деген сөз бар да, сондықтан да қазіргі алдыңнан шығып жатқан сынақтардан жақсы өтетін болсаң сенде ары қарай бәрі жақсы болады. Бұл жақта махаббат бәрін алып тастадық. Кішкене позитив, ешқандай лирика жоқ. Сондықтан да менің тыңдармандарым үшін бір жаңа музыка болады деп ойлаймын.
Сюжет желісі Мирастың дұрыс емес жолда жүріп, артынан жақсы кейіпкерге айналуымен аяқталады. Жүгінісовтың продюсері Әден Марғұлан бұрыңғы клиптерінің локациясын, идеясын қайталамайтындай, ерекше дүние ұсынғысы келген екен. Сондай-ақ, бұл бейнебаянның шығыны да аз емес көрінеді.
Марғұлан Әден, продюсер:
– Былай творческий клип болады, бұйырса. Алдында «Сен туралы» сияқты, «Қызғанамын сияқты. Бұл жерде сондай үлкен бюджетті болады. Бірақ, осы күнге дейін түсірген клиптардың арасында жоғарғысы осы болады. Бұл жолы 3 млн-нан жоғары.
Продюсер клипке үлкен қаражат құйса да, туынды арқылы пайдаға кенелуді көздемейді. Мәселен, клипті көрермен рахаттана көруі үшін ютубтағы жарнаманы алып тастаған.
Марғұлан Әден, продюсер:
– Ютубтан бізге келмейді ақша. Мен оны басында реклама болады ғой клиптің алдында, видеоның алдында. Мен оны алып тастағам. Каналдан алып тастадық. Негізі одан ақша түседі. Біз оны алып тастадық, біз басқа жақтан доход көреміз.
Еске салсақ, Мирастың осыған дейін таспалаған «Әндетемін»-нің клипі ютубта 9 млн, «Сен туралы» трегі 9,5 млн-ға жуық қаралым жинаған-ды. Ал су жаңа бейнебаян осы жылдың соңына дейін жарыққа шығуы тиіс.