«XTZ» тобының алғашқы еңбегі «Under» деп аталады. «XTZ» тобының аталмыш жұмысы 1 ай бұрын жарық көрген еді. Жігіттер композицяның әнін де сөзін де өздері жазған. Өнерпаздар бұл бейнебаян арқылы қоғамдағы түрлі тақырыпты қозғауға тырысқан.
«XTZ» тобы:
– Біздің топ болып қалыптасқанымызға шамамен екі жыл болды. Бірақ дебьют алғанымызға 1 айдан сәл ғана астам уақыт өтті. Екі жыл бойы дайындықта болдық, биден әннен, ай сайын экзамен, эмтихан тапсырып және музыка жағынан өзімізді дамытып, сондай бір биік дәрежеге жету мақсатында жаттығуда болдық.
Ұжым 2000 жылдардың трендінен түспеген «Орда», «Ринго», «101» топтарына еліктейтінні жасырмайды. Еске салсақ, жас таланттар арнайы кастингтен өтіп, 2018 жылы ұжымға іріктеліп алғынған болатын.
«XTZ» тобы:
– «XTZ» тобының басты мақсаты ол – әлемге, музыка әлеміне яғни көңіл-күй сыйлау және таза еңбек пен таза күшпен шыңға шығуға болатынын дәлелдеу. Біздің топтың басқа топтардан ең басты айырмашылығы ол біздің қалыптасып қалған бағытымыз жоқ. Бізді әмбебап әртістер деп айтсақ болады.
Бүгінде «XTZ» тобының екінші бейнебаяндары да дайын. Аз уақыттың ішінде өзіндік аудитория жинап үлгерген жігіттер туындыларын 11-ші қараша күні ұсынбақ.
«XTZ» тобы:
– Әннің аты «Мәриям» деп аталады. Ол яғни Мәриям деген біздің Мәриям Жәгөрдегі дейтін болатын еді ғой. Негізі бастапқы тақырып мағына ол қызға арнау ғой, енді алысқа кетпедік. Махаббат, қыз, өзіміздің жасымызға сай, қазір махаббатпен жанып жүрген жігіттерміз.