Адам мен адамды, ел мен елді сымсыз байланыстырып тұрған сервис бүгінде жастар арасында үлкен жетістіктерге жол ашуда. Дәл осылай деген Мерей Абилова бүгінде аталмыш желіде белсенді. 300 мыңға тарта фолловері, 6 миллионға жуық лайкы бар. «Ректа жиі жүру үшін, соңғы трендтерді түсіру керек», - деп платформа алгоритмі сырымен бөлісті.
Мерей Абилова, блогер:
– Бір адам просто бір видеомен танымал болуы мүмкін. Күшті возможность любой адам үшін. Если блогерлікке қадам басқысы келіп жүрсе. Сол арқылы инстаграмын да жүргізіп алуына болады.
Ал ННН тикток құпияларын баяғыда түсінген. Тіпті бір күнде 20-30 видео түсіретін кездері болады екен. Нұрдаулетке желіде 16 миллионға жуық лайк басылған. Миллион оқырманы бар.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Кез-келген адам миллион просмотр жинай алады смело. Сол үшін сол жаққа барады да миллион просмотр жинап мәз болады да, әрнәрсе түсіріп танымал болып жатады. Бірақ енді тикток жақсы ғой. Қазір Қазақстанда мықты мықты тиктокерлер көп қой.
Жұп болған сәттен бастап, неке қидырғандарын, тойларын трендке айналдырып жүргендердің бірі – Дархан мен Дарикорн. Олар ректе жүрудің жаңа әдісін тапқан. Желі жұлдыздары енді 3 айлық ұлдарын тиктокта танымал етпек.
Дархан мен Daricorn, жұлдызды жұп:
– Өте дұрыс әркімге мүмкіншілік беріп жатыр деп ойлаймыз. Мысалы жас балалар шығып жатыр, өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр деген сияқты. Мүмкіншілік әрдайым болу керек, егер тикток беріп тұратын болса, басында инстаграм берді. Ал қазір тикток шығып жатса, мүмкіншілікті жастарға пайдаланып қалыңыздар дейміз.