Лос-Анджелес күні кеше супкерқаһармандарға толды! «Marvel» ұсынған су жаңа фантастиканың тұсаукесеріне фанаттар батырлардың образында келген. Премьерада жанкүйерлер жұлдыздармен әбден фотоға түсіп, өздерін бір сәт басты кейіпкердей сезінді.
Десе де, қызыл кілемнің жұлдызы Анджелина Джоли болғаны сөзсіз. «Balmain» брендінің ашық қоңыр көйлегіне таңдау түсірген актриса салтанатты шараға балаларын ерте келген. Еске салсақ, «Марвелдың» кезекті картинасында басты рөлді сомдаған Энжди алғаш рет суперқаһарман атанып отыр.
Анджелина Джоли, актриса:
– Нәзік жандылар шынайы өмірде де суперқаһарман ғой. Олар өздерінің балалары үшін түрлі жанкештілікке барады. Фильмде мен әлемді ғана емес жақындарымды зұлымдықтан қорғау мақсатында күрестім. Жәй ғана образдың өзі бізге бір керемет әсер қалдырды.
Джоли сынды, әсерлі образ сомдағандар арасында Сальма Хайек те бар. 55 жастағы актриса да тұсаукесерге әбден дайындалып келгені байқалды. Ал Сальманы бұл кеште қызы Валентина Палома қолдай келген.
Сальма Хайек, актриса:
– Мен «Gucci»-ді жақсы көремін. Өзімді еркін әрі батыл сезініп тұрмын. Қараңыздаршы менің арқамда алтын түстес жылтыр бар. Ол менің фильмдегі кейіпкерімінің образына ұқсайды.
«Мәңгілік» фильмінің сюжет желісі бойынша, бірнеше суперқаһарман әлемнің игілігі үшін күреспек! Сондай батыр кейіпкерлердің образы «Тақтар ойыны» жұлдызы Кит Харингтонға да бұйырған. Актердың айтуынша, «Марвел»-мен жұмыс істеудің өзі үлкен мәртебе.
Кит Харингтон, актер:
– Марвел мен үшін номер бірінші кинокомпания. Олардың көрсеткіштері мен күллі әлем бойынша фанаттарын көріп-ақ таңқалуға болады. Енді мен де суперқаһармандар қатарындамын, сене алар емеспін.
Ал су жаңа фильм Марвелдың «Кек алушылар: Соңы» картинасымен тығыз байланысты. Онда өзгеғаламшарлықтар жерді басып алмақ болады. Олармен күресу «Мәңгілік» суперқаһармандарының мойнына жүктеледі. Туындыға Хлоя Чжао режиссерлік еткен. Еске салсақ, киногер биыл «Көшпенділер» картинасымен Оскар алған алғаш азиаттық ару атанған еді.
Хлоя Чжао, режиссер:
– 2019-шы жылы маған ұсыныс түскен кезде қатты қуандым. Себебі, фантастиканы таспалау үлкен тәжірбие. Сенің түсірген кадрларың графикамен сәйкес келуі керек деген сияқты. Бірақ актерлардың шеберлігі барлығын алып шықты деп ойлаймын.
Ал су жаңа фильм 4-ші қарашадан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!