Ашық-шашық фотосессияларымен жұртты шулатып жүрген жұлдыздардың бірі – Дарья Александрова. Актриса әрі блогер жартылай жалаңаш суреттерді жиі жүктейді. Даша соның арқасында ауқымды аудитория жинап алғанын мойындайды.
Дарья Александрова, актриса:
– Ашық сурет салсам 7 мың лүпіл. Ондай сурет арқылы статистика өседі, демек оқырман саны да артады деген сөз. Егер пікір жазушылардың 90 пайызы «Даша, тоқтат» деп жазса, мен доғарар ем. Әзірге ондай пікір тек 1 пайыз ғана. Соған қарағанда мен шектен шықпаған сияқтымын.
«Даша сынды батыл образда естелік сурет жасау көптің қолынан келе бермейді», - дейді Меруерт Түсіпбаева. Өнер иесі мінсіз мүсінді арулардың ашық-шашық фотосессиясы, керсінше нәзік жандыларға мотивация деп отыр.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
– Мен қарсы емеспін. Я не против. Если это эститично. Например осы суреттер әр адамдарға, басқа әйелдерге, еркектерге бір шабыт берсе, сезім берсе. Маған бұл мотивация береді. Бұл фигуралар мотивация береді. Өйткені менде ондай фигура жоқ қазір.
Ал Айнұр Ілиясованың айтуынша, жартылай жалаңаш суреттер жүктеу үшін, жақындарың қарсы болмаса болғаны.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Қазіргі сәтті суретке түсіріп алу меніңше жаман нәрсе емес. Иә егер мысалы үшін сенің ортаң оған дайын болса, неге жаңағы инстаграмға салмасқа.
Десе де, желіде жалаңаштанған жұлдыздарды Жанель Мақажан құптамайды. Актрисаның ондай суреттер салуына кезінде қызы қарсы болған екен.
Жанель Мақажан, актриса:
– Өзім былай түсуге білмеймін енді батылым жетпейтін шығар. Мен бірде қызыма өзімнің демалыста болғам сол кезде Египетте, Мысыр елінде. Сол кезде мен осындай бір сурет салайын ба деп тұрдым да, қызым айтады «мама сенің бұндай сурет салғаныңды мен қаламаймын» деп сол сөзі менің есімде қалып қалды. Еске салсақ, Жанель инстаграмда отбасылық қызықты контент ұсынып-ақ, ауқымды аудитория жинап алған.