Халық әртісінің кенжесі Мәди Рымбаев «Танымалдылық табыс әкеледі» дегенге қосыла қоймайды. «Бәрі еңбекпен келеді ғой», - деген ол ағасы мен анасының алдында ақшаға тәуелді болғысы келмейді екен. Сондықтан қолға түскен тірліктің бәрімен айналысатын болып шықты. «Бұны мен еш ұят көрмеймін», - дейді музыкант.
Мәди Рымбаев, әнші:
– Бүкіл нәрсемен айналысамын. Бүгінгі күнде студияда жұмыс істеймін. Сериалдарға музыка жазамын және жеке шығармашылығыммен айналысып жүрмін. Оның үстіне кішкентай аранжировкаға, өлеңдерге заказ болса осындай-осындай жұмыстармен айналысамын.
Жақында ғана «DNA» тобы тарап, Ерболат Беделханның қарамағынан кетіп, жеке шығармашылығын бастаған Ray қазіргі таңда қаржылық жағдайының көңіл қуантарлықтай емес екенін айтады. Себебі, осыған дейін олардың керек-жарақтарын продюсері қамтамасыз етіп отырған. «Танымал болу, бай болу деген сөз емес», - дейді ол.
Ray, әнші:
– Менде кейде выступлениялар болып тұрады. Жеке өзімді шақырады. Қазір сабақ беріп жатырмын вокалдан. Сол қазіргі табыс көзі. Жәймендеп бастап жатырмын қадам басып.
Ал жас актер Мағжан Хамит болса, биыл 11 сыныпты аяқтайды. Бозбаланың қоржынында бірнеше ірі толықметрлер бар. Тиктокта да, инстада да танымалдылығы көл-көсір. Бірақ бұнысы Мағжанға қаржылай жағынан еш табыс әкелмейтін болып шықты. Хамит-тегінің басты кіріс көзі жарнама екен.
Мағжан Хамит, актер:
– Табыс вообще по-разному. Иногда бір ай тихо болады. Выживать будешь. Иногда прям көп түседі. Ол уже рекламодательдерге байланысты. И өзіңе де байланысты.