Вайндары арқылы танылып, кәсіп ашқаннан кейін шоу-бизнесте өзін іздеп, ән жаздыра бастаған желі жұлдыздарының алғашқысы – Zheka Fatbelly. Өнер өкілі өзінің бұл ісінен еш әбестік көрмейтінін айтады. «Мен неге өзгелердің негативті ойына байланысты, бала арманымнан бас таруым керек»,-дейді Жека.
Zheka Fatbelly, блогер:
– Мен әрдайым ән айтқым келетін. Себебі вайннан көрермен шаршады, жаңашылдық қажет болған соң музыкамен айналыса бастадым. Алғашында әрине қаржы жағынан бейнебаян таспалау қиынға соқты.
«Зың-зың» трегі 55 миллионға тарта қаралым жинап, ән әлемінде «Бум» болған «Jokeassas» командасы еді. Ол әннен кейін де жігіттер Мақпал Исабекова сынды әртістермен коллаб жасаған-ды. Ұжым: «Қолымыздан келіп тұр. Халықта сұраныс бар»,-деп қысқа қайырды.
Бексұлтан мен Жандос, «Jokeassas» командасының вайнерлері:
– Біздің шығармашылығымыздың жаңа қырларын ашамыз өзіміздің. Біз ютубқа бәрін жазамыз өзіміз түсіреміз да, бізде ешқандай бір нелер жоқ. Өз-өзіне бай өз-өзіне қожа дейді ғой.
Ал осыдан 12 жыл бұрын «Жаралы сезім» трегімен трендке іліккен Жеңісхан Момышев блогерлердің бұл ісін жәй ғана ермекке теңеді. Кезіндегі әнші, бүгінгі режиссер: «Уақыты келіп бұл да тоқтайды» деп отыр.
Жеңісхан Момышев, режиссёр:
– Кезінде есіңізде болса емшілер қаптап кетіп еді ғой, одан кейін юристтар қаптап кетті, енді қазір блогерлардың заманы. Блогерлардың алдында инстаграмщиктар қаптап кеткен. Одан кейін инстаграм кішкене тыныш боп, тикток боп кетті. Сондықтан, бұл заманауи өзінің уақыты. Келіп жоғалып, келіп жоғалып бұл да кетер.
Жоғарыда аттары аталған блогерлерден бөлек: ТерриТима, Разиюша, ННН де трек жазып, топ-үздіктер тізіміне енудің қамымен жүр.