«Esquire» пикникке жиналған жұлдыздардың қарасы мол. Карантин бойы мұндай ауқымды шараны аңсаған өнер өкілдері жаңалықтарымен де жарыса бөлісе бастады. Мәселен, экс-Алаулық Ержан Мұқатаев енді соло әнші ретінде бағын сынап көрмек. Баян Мақсатқызының шәкіртінің дебюты қашан?
Ержан Мұқатаев, «ALAU» тобының экс-мүшесі:
– Мен ең үздік продюсермен жұмыс істедім ол Баян Мақсатқызымен. Қазір шынымды айтсам маған қызық емес, продюсермен жұмыс істеу өйткені, айтады ғой навык дейді ғой менде оның бәрі бар деп ойлаймын. Тәжірбиені жинадық. Мүмкін бір коллаборациямен алғашық әнімді шығаратын шығармын.
Ержан Мұқатав сынды, музыкаға қайта бет бұрғандар арасында Әнуар Нұрпейісов те бар. Танымал медиа тұлға су жаңа альбом әзірлеуде.
Әнуар Нұрпейісов, актер, блогер:
– Мен алдағы уақытты өзімнің музыкалық альбомымды жарыққа шығарсам деймін. Бірнеше әнім дайын тұр.
Карантин шаралары жеңілдетілген қолайлы кезеңді Айдос Сағат та қалт жібермек емес. «Үркер» тобының әншісі ТМД-лық тыңдарманына арнап орыс тілінде үнтаспа шығаратынын айтып берді.
Айдос Сағат, «URKER» тобының мүшесі:
– «Облака» атты жаңа әніміз Ресейдің каналдары мен музыкалық чарттарға шығып жатыр. Оған қоса бір жыл бойы альбом жаздық. Енді бейнебаян түсірсек деген ойдамыз.
Еске салсақ, өнер өкілдері бас қосқан бұл патидің соңғы нүктесін «Ирина Кайратовна» тобы қойған еді. Шараға жаңалықтарымен бөлісуге емес, ұжымның әндерін тыңдауға келгендер те табылды.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Шыны керек, сағынып келдік, жаңа ғана кірдік, адамның көптігінен кішкене біртүрлі әлі үйренбегенбіз. Дегенмен өмірдің қайтадан, өз қалпына келіп жатқаны қуантады.